Сипаттама

Курс туралы

Токишева Г.С. – магистр, сеньор-лектор,

1.1 ЖАОК сипаттамасы

Пән интеллектуалды басқару жүйелерінің теориялық негіздерімен, олардың архитектуралары мен басқару алгоритмдерімен таныстыруды қамтиды. Курста интеллектуалды жүйелердің негізгі модельдері, шешім қабылдау әдістері, деректерді жинау және өңдеу тәсілдері, жүйелерді талдау және оңтайландыру әдістері қарастырылады. Сонымен қатар, адаптивті басқару, эксперттік жүйелер, машиналық оқыту негізіндегі басқару шешімдері, көп агенттілік жүйелер және автоматтандырылған басқару жүйелерінің практикалық қолдану негіздері оқытылады. Пән студенттерге басқару жүйелерін жобалау, модельдеу және нақты есептерді шешуде қолдану дағдыларын қалыптастырады.

1.2 Пәнді оқыту міндеттері

 Интеллектуалды басқару жүйелерінің негізгі модельдері мен архитектураларын меңгерту;

 Басқару алгоритмдерін (адаптивті басқару, эксперттік жүйелер, оптимизациялық әдістер) үйрету;

 Деректерді жинау, талдау және өңдеу әдістерін қолдану дағдыларын қалыптастыру;

 Машиналық оқыту және модельдеу құралдарын пайдалана отырып, практикалық басқару есептерін шешу қабілетін дамыту;

 Ақпараттық қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, интеллектуалды басқару жүйелерін жобалау және енгізу дағдыларын қалыптастыру.

1.3 Пәнді оқыту нәтижелері:

Пәнді меңгеру аяқталған кезде білім алушы:

Пәнді меңгеру нәтижесінде студенттер:

 Интеллектуалды басқару жүйелерінің жұмыс істеу принциптерін және негізгі архитектураларын түсіндіре алады;

 Басқару алгоритмдерін және шешім қабылдау модельдерін қолдана алады;

 Классификация, регрессия, прогноздау және оптимизация есептерін шешу үшін интеллектуалды әдістерді пайдалана алады;

 Адаптивті және көп агенттілік жүйелерді жобалап, оларды әртүрлі қолданбалы салаларда (өнеркәсіп, энергетика, көлік, робототехника) қолдана алады;

 Интеллектуалды басқару жүйелерін әзірлеу жобаларын құрып, оларды талдау және оңтайландыру жүргізе алады.

1.5 Пререквизиттер: Алгоритмдер және мәліметтер құрылымы, Бағдарламалау, Сызықтық алгебра, Математикалық модельдеу, Жүйелерді талдау негіздері.

1.6 Постреквизиттер: Адаптивті басқару жүйелері, Мультимодальді интеллектуалды жүйелер, Көп агенттілік жүйелер, Робототехникадағы интеллектуалды басқару, Өнеркәсіптік автоматтандыру жүйелері.

1.7 5 кредит

1.8 Курстың күрделілік деңгейі: орташа

Мазмұны

Курс бағдарламасы

Бөлімдердің материалдары мен тесттері курсқа жазылғаннан кейін ашылады.

  1. Модуль 1 6 элемент
    • Қор 1 дәріс
    • URL 1-Видео дәріс
    • Қор 2 дәріс
    • URL 2-Видео дәріс
    • Қор 3 дәріс
    • URL 3-Видео дәріс
  2. Модуль 2 8 элемент
    • Қор 4 дәріс
    • URL 4-Видео дәріс
    • Қор 5 дәріс
    • URL 5-Видео дәріс
    • Қор 6 дәріс
    • URL 6-Видео дәріс
    • Қор 7 дәріс
    • URL 7-Видео дәріс
  3. Модуль 3 16 элемент
    • Қор 8 дәріс
    • URL 8-Видео дәріс
    • Қор 9 дәріс
    • URL 9-Видео дәріс
    • Қор 10 дәріс
    • URL 10-Видео дәріс
    • Қор 11 дәріс
    • URL 11-Видео дәріс
    • Қор 12 дәріс
    • URL 12-Видео дәріс
    • Қор 13 дәріс
    • URL 13-Видео дәріс
    • Қор 14 дәріс
    • URL 14-Видео дәріс
    • Қор 15 дәріс
    • URL 15-Видео дәріс
  4. ЖАОК бойынша қорытынды бақылау 1 элемент
    • Тест Тест