Онлайн-курс

Ақша. Несие. Банктер.

  • 4 раздела
  • 33 материала
  • 1 тест
Описание

О курсе

Ауесбекова А.А. -сеньор-лектор,

1. ЖАОК сипаттамасы

Зерттеу мақсаты: Студенттерде ақша, несие және банктердің мәні мен қызмет етуінің теориялық негіздері, ақша-несие жүйесінің құрылымы, тетіктері мен құралдары туралы жүйелі түсінік қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы экономикасының ерекшеліктерін ескере отырып, ақша-несие саясатын іске асырудағы Орталық банктің рөлін және оның макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі маңызын ашу.

1.1. Зерттеудің міндеттері:

 мемлекеттің экономикалық жүйесіндегі ақша мен несиенің қызмет ету заңдылықтарын, олардың қоғамдық ұдайы өндіріс жүйесіндегі рөлін меңгеру;

 қоғамдық дамудың кезеңдеріне сәйкес ақша мен несие туралы ғылыми танымның тұтас жүйесін, оларды ұйымдастыру мен дамытудың тұжырымдамалық негіздерін қалыптастыру;

 қазіргі заманғы шынайы жағдайларға сәйкес әлеуметтік-экономикалық үдерістерді реттеуде ақша-несие нысандары мен әдістерін қолдану ерекшеліктері саласында кешенді теориялық-әдіснамалық білім алу;

 Қазақстан Республикасындағы қазіргі жағдайларды ескере отырып, несиені басқару, банктік қызметте қолданылатын нысандар мен әдістерді талдау, сондай-ақ ақша-несие және банктік саясатты жетілдіру тетіктерін әзірлеу бойынша білік пен дағдыларды қалыптастыру.

1.2. Оқыту нәтижелері:

 Білімдер: ақша айналысының мәні мен қызметтерін; ақша жүйесінің элементтері мен түрлерін; несие ұғымын, функцияларын және нысандарын; банк жүйесінің құрылымын, қызмет ету принциптерін; орталық және коммерциялық банктердің қызметін; ақша-несие саясатының құралдарын; қаржы нарығындағы банктердің рөлін; инфляция, пайыздық мөлшерлеме және олардың экономикаға әсерін; халықаралық валюта-қаржы қатынастарының негіздерін білуі керек.

 Іскерліктер: ақша-несие саясатының құралдарын талдау және бағалау; банктердің қаржылық көрсеткіштерін талдау; несие беру шарттарын бағалау және негіздеу; пайыздық мөлшерлемелердің өзгерісін есептеу және түсіндіру; инфляция деңгейін талдау; банк операцияларының тиімділігін бағалау; қаржы нарығындағы жағдайларды сараптау және болжау.

 Дағдылар: ақша айналымын талдау әдістерін қолдану; несие қабілеттілігін бағалау; банк есептілігін талдау; пайыздық есептеулер жүргізу; қаржы нарықтарын талдау құралдарын пайдалану.

 Құзыреттер: ақша-несие жүйесінде тиімді шешімдер қабылдау қабілеті; банк қызметін талдау және бағалау; қаржы нарығындағы өзгерістерге бейімделу; несиелік және банктік операцияларды жүзеге асыру; экономикалық тұрақсыздық жағдайында негізделген шешімдер қабылдау мүмкіндігі.

2. Пререквизиттер. Бұл ЖАОК меңгеру үшін келесі курстарды оқу барысында алынған білім, білік және дағдылар қажет: Қаржы, Экономикалық теория.

3. Постреквизиттер. ЖАОК оқу барысында алынған білім, білік және дағдылар келесі курстарды меңгеру үшін қажет: Банк ісі, Коммерциялық банктің қызметін ұйымдастыру.

4. Академиялық кредиттер саны/ЖАОК ұзақтығы: 6 кредит.

5. Курстың қиындық деңгейі: орташа.

Содержание

Программа курса

Материалы и тесты разделов открываются после записи на курс.

  1. Модуль 1 12 элементов
    • Файл 1 дәріс
    • Гиперссылка 1-Видео дәріс
    • Файл 2 дәріс
    • Гиперссылка 2-Видео дәріс
    • Файл 3 дәріс
    • Гиперссылка 3-Видео дәріс
    • Файл 4 дәріс
    • Гиперссылка 4-Видео дәріс
    • Файл 5 дәріс
    • Гиперссылка 5-Видео дәріс
    • Файл 6 дәріс
    • Гиперссылка 6-Видео дәріс
  2. Модуль 2 6 элементов
    • Файл 7 дәріс
    • Гиперссылка 7-Видео дәріс
    • Файл 8 дәріс
    • Гиперссылка 8-Видео дәріс
    • Файл 9 дәріс
    • Гиперссылка 9-Видео дәріс
  3. Модуль 3 12 элементов
    • Файл 10 дәріс
    • Гиперссылка 10-Видео дәріс
    • Файл 11 дәріс
    • Гиперссылка 11-Видео дәріс
    • Файл 12 дәріс
    • Гиперссылка 12-Видео дәріс
    • Файл 13 дәріс
    • Гиперссылка 13-Видео дәріс
    • Файл 14 дәріс
    • Гиперссылка 14-Видео дәріс
    • Файл 15 дәріс
    • Гиперссылка 15-Видео дәріс
  4. ЖАОК бойынша қорытынды бақылау 1 элемент
    • Тест Тест