About the course
Канафиева Куланда Кабылсеитовна п.ғ.к., ассистент-профессор,
Сарбалаев Елдос Жаксыбаевич ф.ғ.к, ассистент-профессор,
1.1 Бағдарламаның мазмұны: A 2 деңгейі – қазақ тілін кешенді оқытудың базалық деңгейі. Адам тілді тек түсінумен шектелмей, өз ой-пікірлерін жеткізе алатын, әртүрлі жағдайларда коммуникация жасай алатын деңгей. Бұл деңгейден кейін В 1 орта деңгейіне дайындық басталады.
1.2 Пәннің оқыту мақсаты: Қазақстан Республикасы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) тілдерді оқытудың халықаралық стандартына сай қазақ тілі пәнін оқыту, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде маңыздылығы мен құндылығын арттыру, болашақ маман иесінің қазақ тілін қоғамдық өмірдің ғылыми, әлеуметтік-мәдени, саяси салаларында қарым-қатынас құралы ретінде қолдана алу құзіреттілігін қалыптастыру.
1.4 Пән төмендегідей міндеттерді қояды:
- 1) студенттің қазақ тілі бойынша қалыптасқан тілдік дағдыларын дамыту, әрі қарай жетілдіру;
- 2) қазақ тілінің әртүрлі функционалдық стильдердегі стилистикалық мүмкіндіктерінің алуан түрлілігін, әртүрлі коммуникативтік жағдайларда тиімді қарым-қатынас жасау тәсілдерін ашу;
- 3) морфология, синтаксис, сөз қолдану деңгейінде қазақ тілінің нормалары туралы жалпы түсінік беру, қазіргі сөйлеу жағдайының өзіндік ерекшелігін көрсету;
- 4) студенттердің белсенді сөздік қорын кеңейту, және қолдану белсенділігін арттыру, қазақ лексикасының, фразеологиясының байлығын көрсету, тіл мен мәдениеттің өзара іс-қимылын көрсететін түрлі сөздіктер мен анықтамалықтармен таныстыру;
- 5) тілдік құбылыстар мен фактілерді олардың әртүрлі түсіндірмелерін ескере отырып тану, талдау, салыстыру, жіктеу қабілетін дамыту; қажет болған жағдайда тілдік құбылыстарға түсініктеме беру; тілдік құбылыстар мен фактілерді нормативтілік, қарым-қатынас саласы мен жағдайына сәйкестік тұрғысынан бағалау;
- 6) алған білімдері мен дағдыларын өзінің сөйлеу практикасында, оның ішінде кәсіби бағдарланған қарым-қатынас саласында қолдануға үйрету; қарым-қатынастың әртүрлі салалары мен жағдайларында тілдің нормативтік және мақсатқа сай қолданылуын жетілдіру.
Бағдарламаны меңгеру қорытындысы бойынша білім алушы келесі оқу нәтижелеріне ие болады:
- 1) қолданыста жиі кездесетін грамматика бірліктерін қолданып, тұрмыстық, оқу, әлеуметтік, мәдени, кәсіби салаларда әртүрлі сөйлеу жағдаяттарына еркін араласып, сұхбатқа қатысып, қолдауға, қажетті ақпараттарды сұрап алуға;
- 2) тілдің, мәдениеттің, қарым-қатынас саласы ерекшеліктеріне сәйкес жеке тұлғалық, әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынас жағдайларында құзыреттілік танытуға; пікірталастарда мәдени, әлеуметтік маңызы бар мәселелерді талқылауға, өз көзқарасын білдіруге, оны дәлелді түрде қорғауға, әңгімелесушілердің пікірін сыни бағалауға;
- 3) әртүрлі жанрдағы мәтін түрлерін оқып, түсініп, негізгі және көмекші ақпараттарды ажыратуға, мәтіндердегі мағыналық бөліктерді талдап, саралауға, негізгі ойды тұжырымдауға, тұтас мәтіннің және оның жеке құрылымдық элементтерінің қорытынды бөлімдерін сипаттауға;
- 4) қазақ тілінде әртүрлі мақсаттағы хат-хабарлар жазуға, мақала, аннотация, тезис жазуға, өз қызығушылығына қарай мақала түрлерін, эссе түрлерін жазуға;
- 5) қарым-қатынас жағдайына сәйкес ақпарат сұрауға және хабарлауға, қатысушылардың іс-әрекеттеріне баға беруге, таным мен қарым-қатынас жағдайында әңгімелескен адамға әсер ету құралы ретінде ақпаратты пайдалануға;
- 6) әртүрлі жанрдағы және стилистикалық бағыттағы ауызша және жазбаша мәтіндерді жасау тәсілдерін қолдануға.
1.5 Пәнді оқыту нәтижелері:
Пәнді оқыту нәтижелері – бұл білім алушының пәнді аяқтағаннан кейінгі істей алатын әрекеті. Пәнді оқыту нәтижелері ЭПК-пен бірдей болуы керек.
1.6 Пререквизит: Қазақ тілі А1 деңгейі
1.7 Постреквизит: Қазақ тілі В1 деңгейі
Course programme
Section materials and tests open once you are enrolled.
-
Модуль 1 6 items
-
File 1 дәріс
-
URL 1-Видео дәріс
-
File 2 дәріс
-
URL 2-Видео дәріс
-
File 3 дәріс
-
URL 3-Видео дәріс
-
-
Модуль 2 6 items
-
File 4 дәріс
-
URL 4-Видео дәріс
-
File 5 дәріс
-
URL 5-Видео дәріс
-
File 6 дәріс
-
URL 6-Видео дәріс
-
-
Модуль 3 6 items
-
File 7 дәріс
-
URL 7-Видео дәріс
-
File 8 дәріс
-
URL 8-Видео дәріс
-
File 9 дәріс
-
URL 9-Видео дәріс
-
-
Модуль 4 4 items
-
File 10 дәріс
-
URL 10-Видео дәріс
-
File 11 дәріс
-
URL 11-Видео дәріс
-
-
Модуль 5 4 items
-
File 12 дәріс
-
URL 12-Видео дәріс
-
File 13 дәріс
-
URL 13-Видео дәріс
-
-
Модуль 6 4 items
-
File 14 дәріс
-
URL 14-Видео дәріс
-
File 15 дәріс
-
URL 15-Видео дәріс
-
-
ЖАОК бойынша қорытынды бақылау 1 item
-
Quiz Тест
-