Сипаттама

Курс туралы

Канафиева Куланда Кабылсеитовна п.ғ.к., ассистент-профессор,

Сарбалаев Елдос Жаксыбаевич ф.ғ.к, ассистент-профессор,

1.1 Бағдарламаның мазмұны: A 2 деңгейі – қазақ тілін кешенді оқытудың базалық деңгейі. Адам тілді тек түсінумен шектелмей, өз ой-пікірлерін жеткізе алатын, әртүрлі жағдайларда коммуникация жасай алатын деңгей. Бұл деңгейден кейін В 1 орта деңгейіне дайындық басталады.

1.2 Пәннің оқыту мақсаты: Қазақстан Республикасы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) тілдерді оқытудың халықаралық стандартына сай қазақ тілі пәнін оқыту, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде маңыздылығы мен құндылығын арттыру, болашақ маман иесінің қазақ тілін қоғамдық өмірдің ғылыми, әлеуметтік-мәдени, саяси салаларында қарым-қатынас құралы ретінде қолдана алу құзіреттілігін қалыптастыру.

1.4 Пән төмендегідей міндеттерді қояды:

  • 1) студенттің қазақ тілі бойынша қалыптасқан тілдік дағдыларын дамыту, әрі қарай жетілдіру;
  • 2) қазақ тілінің әртүрлі функционалдық стильдердегі стилистикалық мүмкіндіктерінің алуан түрлілігін, әртүрлі коммуникативтік жағдайларда тиімді қарым-қатынас жасау тәсілдерін ашу;
  • 3) морфология, синтаксис, сөз қолдану деңгейінде қазақ тілінің нормалары туралы жалпы түсінік беру, қазіргі сөйлеу жағдайының өзіндік ерекшелігін көрсету;
  • 4) студенттердің белсенді сөздік қорын кеңейту, және қолдану белсенділігін арттыру, қазақ лексикасының, фразеологиясының байлығын көрсету, тіл мен мәдениеттің өзара іс-қимылын көрсететін түрлі сөздіктер мен анықтамалықтармен таныстыру;
  • 5) тілдік құбылыстар мен фактілерді олардың әртүрлі түсіндірмелерін ескере отырып тану, талдау, салыстыру, жіктеу қабілетін дамыту; қажет болған жағдайда тілдік құбылыстарға түсініктеме беру; тілдік құбылыстар мен фактілерді нормативтілік, қарым-қатынас саласы мен жағдайына сәйкестік тұрғысынан бағалау;
  • 6) алған білімдері мен дағдыларын өзінің сөйлеу практикасында, оның ішінде кәсіби бағдарланған қарым-қатынас саласында қолдануға үйрету; қарым-қатынастың әртүрлі салалары мен жағдайларында тілдің нормативтік және мақсатқа сай қолданылуын жетілдіру.

Бағдарламаны меңгеру қорытындысы бойынша білім алушы келесі оқу нәтижелеріне ие болады:

  • 1) қолданыста жиі кездесетін грамматика бірліктерін қолданып, тұрмыстық, оқу, әлеуметтік, мәдени, кәсіби салаларда әртүрлі сөйлеу жағдаяттарына еркін араласып, сұхбатқа қатысып, қолдауға, қажетті ақпараттарды сұрап алуға;
  • 2) тілдің, мәдениеттің, қарым-қатынас саласы ерекшеліктеріне сәйкес жеке тұлғалық, әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынас жағдайларында құзыреттілік танытуға; пікірталастарда мәдени, әлеуметтік маңызы бар мәселелерді талқылауға, өз көзқарасын білдіруге, оны дәлелді түрде қорғауға, әңгімелесушілердің пікірін сыни бағалауға;
  • 3) әртүрлі жанрдағы мәтін түрлерін оқып, түсініп, негізгі және көмекші ақпараттарды ажыратуға, мәтіндердегі мағыналық бөліктерді талдап, саралауға, негізгі ойды тұжырымдауға, тұтас мәтіннің және оның жеке құрылымдық элементтерінің қорытынды бөлімдерін сипаттауға;
  • 4) қазақ тілінде әртүрлі мақсаттағы хат-хабарлар жазуға, мақала, аннотация, тезис жазуға, өз қызығушылығына қарай мақала түрлерін, эссе түрлерін жазуға;
  • 5) қарым-қатынас жағдайына сәйкес ақпарат сұрауға және хабарлауға, қатысушылардың іс-әрекеттеріне баға беруге, таным мен қарым-қатынас жағдайында әңгімелескен адамға әсер ету құралы ретінде ақпаратты пайдалануға;
  • 6) әртүрлі жанрдағы және стилистикалық бағыттағы ауызша және жазбаша мәтіндерді жасау тәсілдерін қолдануға.

1.5 Пәнді оқыту нәтижелері:

Пәнді оқыту нәтижелері – бұл білім алушының пәнді аяқтағаннан кейінгі істей алатын әрекеті. Пәнді оқыту нәтижелері ЭПК-пен бірдей болуы керек.

1.6 Пререквизит: Қазақ тілі А1 деңгейі

1.7 Постреквизит: Қазақ тілі В1 деңгейі

Мазмұны

Курс бағдарламасы

Бөлімдердің материалдары мен тесттері курсқа жазылғаннан кейін ашылады.

  1. Модуль 1 6 элемент
    • Қор 1 дәріс
    • URL 1-Видео дәріс
    • Қор 2 дәріс
    • URL 2-Видео дәріс
    • Қор 3 дәріс
    • URL 3-Видео дәріс
  2. Модуль 2 6 элемент
    • Қор 4 дәріс
    • URL 4-Видео дәріс
    • Қор 5 дәріс
    • URL 5-Видео дәріс
    • Қор 6 дәріс
    • URL 6-Видео дәріс
  3. Модуль 3 6 элемент
    • Қор 7 дәріс
    • URL 7-Видео дәріс
    • Қор 8 дәріс
    • URL 8-Видео дәріс
    • Қор 9 дәріс
    • URL 9-Видео дәріс
  4. Модуль 4 4 элемент
    • Қор 10 дәріс
    • URL 10-Видео дәріс
    • Қор 11 дәріс
    • URL 11-Видео дәріс
  5. Модуль 5 4 элемент
    • Қор 12 дәріс
    • URL 12-Видео дәріс
    • Қор 13 дәріс
    • URL 13-Видео дәріс
  6. Модуль 6 4 элемент
    • Қор 14 дәріс
    • URL 14-Видео дәріс
    • Қор 15 дәріс
    • URL 15-Видео дәріс
  7. ЖАОК бойынша қорытынды бақылау 1 элемент
    • Тест Тест