About the course
Хамит Айтолкын Жумабаевна, сеньор-лектор, магистр,
Пәннің қысқаша сипаттамасы Пән білімалушыларда химиялық талдау әдістері
мен тәсілдері, заттардың құрамы мен құрылымын анықтау әдістері және қазіргі
аналитикалық химияның негіздері туралы білімдерін дамытуға бағытталған. Пәнді оқу
процесінде білімалушылар бейорганикалық заттарды анықтау және анықтаудың
химиялық әдістерін қолдану дағдыларын (сапалық талдау), сонымен қатар біртекті және
гетерогенді жүйелердің сандық талдауын жүргізу дағдыларын дамытады.
Пәнді оқыту мақсаты:
Пән білімалушыларда химиялық талдау әдістері мен тәсілдері, заттардың құрамы
мен құрылымын анықтау әдістері және қазіргі аналитикалық химияның негіздері туралы
білімдерін дамытуға бағытталған.
Пәнді оқыту міндеттері
- заттардың сапалық және сандық құрамын анықтауға қолданылатын химиялық және
физика-химиялық талдау тәсілдерін жете меңгеру;
- аналитикалық және өлшегіш қондырғылармен есептегіш құрылғылармен жұмыс
істеу;
- әр түрлі есептерді шығара білу, қарапайым химиялық жағдайларға болжам жасау.
Пәнді оқыту нәтижелері:
Аналитикалық химия бойынша білімдерін қолданады, заттарды сапалық және
сандық талдау әдістерін пайдаланады; бейорганикалық қосылыстардың құрамын және
қасиеттерін анықтайды, заттарды айқындау мен сәйкестендіру жұмыстарын жүргізеді,
гомогенді және гетерогенді жүйелерге талдау жасап, оқу және практикалық міндеттерді
шешуде қолданады.
Пререквизиттері: Бейорганикалық химия
Постреквизиттері: Физика-химиялық зерттеу әдістері
Академиялық кредиттер саны / ЖАОК ұзақтығы: 5 / 15 мин
Курс күрделілік деңгейі: орташа