Description

About the course

Тұраққазы А.А. – сеньор-лектор,

Бердіғали Ж.Т. – ассистент,

ЖАОК сипаттамасы: Пән кәсіби қызметте еңбекті қорғаудың негізгі талаптары мен қауіпсіз еңбек әдістері мен құралдары туралы іргелі білім қалыптастыруға бағытталған. Пән мазмұны еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаттарын, кәсіпорындағы еңбекті қорғау жағдайын талдауды және өндірістік жарақаттанудың негіздерін қамтиды. Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушылар еңбекті қорғау саласындағы стандартты және стандартты емес жағдайларда шешім қабылдап, өндірістік жарақаттану деңгейін талдайды.

Мақсаты: Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, өндірістік қауіп-қатерлер мен зиянды факторлардың алдын алу үшін теориялық және тәжірибелік білімі мен дағдыларын игеру болып табылады.

Оқу міндеттері:

  • 1) Өндірістік ортадағы қауіпті және зиянды факторлармен, еңбекті қорғау саласындағы заңнамалық және нормативтік-құқықтық базамен, өндірістік санитария мен гигиена талаптарымен, сондай-ақ экологиялық және өндірістік тәуекелдерді бағалау негіздерімен таныстырады.
  • 2) Жұмыс орындарындағы қауіпсіз еңбек жағдайларын ұйымдастыруды, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу шараларын әзірлеуді, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын дұрыс қолдануды, сонымен қатар төтенше жағдайлар мен экологиялық апаттар кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды үйретеді.
  • 3) Жұмыс орнындағы қауіп-қатерлерді алдын ала болжау және талдау қабілетін, еңбек қауіпсіздігі мәдениетін, кәсіби жауапкершілікті, сондай-ақ экологиялық және өндірістік қауіпсіздікті кешенді түрде камтамасыз ету дағдыларын дамытады.

Оқу нәтижелері: Өмір қауіпсіздігінің, еңбекті қорғаудың және өнеркәсіптік қауіпсіздіктің теориялық негіздерін игереді, Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік актілерін біледі, жұмыс орындарының жарықтандыру көрсеткіштерін есептейді, діріл мен шуды өлшеуді жүргізеді, өндірістік жарақаттар мен кәсіптік аурулар туралы мәліметтерді талдайды, алынған ақпаратты қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету шараларын әзірлеу үшін пайдаланады.

1 Пререквизит: Қоршаған орта туралы ілім, Биотехнология және қоршаған ортаны қорғау

2 Постреквизит: Қоршаған ортаны инженерлік қорғау, Өнеркәсіптік экология

3 Қорытынды аттестаттау.

4 Академиялық кредиттер саны - 5/ЖАОК ұзақтығы

5 Курстың қиындық деңгейі: орта