Сипаттама
Курс туралы
Касымова С.Б. – PhD, ассистент-профессор,
МООК сипаттамасы: курсты оқудың мақсаты білім алушыларға жобаларды жоспарлау, ұйымдастыру, іске асыру және бақылаудың заманауи әдістерін меңгерту, жобаның мақсаттарына белгіленген мерзімде, бюджет шегінде және қажетті сапа деңгейінде қол жеткізу үшін тиімді басқарушылық шешімдер қабылдау дағдыларын қалыптастыру.
Оқу міндеттері:
- 1) курс білім алушыларды жобаларды басқарудың негізгі қағидаларымен, әдістерімен және құралдарымен, жобаның өмірлік циклімен, жобаны жоспарлау, ресурстарды бөлу, тәуекелдерді басқару, команда жұмысын ұйымдастыру және жобаның нәтижелерін бағалау тәсілдерімен таныстырады.
- 2) курс жобаның мақсаттары мен міндеттерін анықтауға, жобаны жоспарлауға, уақыт пен ресурстарды тиімді бөлуге, тәуекелдерді бағалауға және басқаруға, жобалық топтың жұмысын ұйымдастыруға, жобаның орындалуын бақылауға және нәтижелілігін бағалауға үйретеді.
- 3) курс білім алушылардың жобалық ойлауын, стратегиялық және жүйелі ойлау қабілетін, жоспарлау және ұйымдастырушылық дағдыларын, көшбасшылық және командалық жұмыс қабілеттерін, тәуекелдерді басқару, шешім қабылдау және проблемаларды тиімді шешу дағдыларын дамытады.
Оқу нәтижелері: жобалық қызметті оңтайландыру және компанияның бизнес-мақсаттарына қол жеткізу үшін PMBOK әдіснамасын енгізеді
Пререквизит: Инновациялық менеджмент, АІ-маркетинг
Постреквизит: Қорытынды аттестаттау
Академиялық кредиттер саны - 5/ЖАОК ұзақтығы
Курстың қиындық деңгейі: орта