About the course
Калыхбергенова Светлана Жулмухановна – сеньор-лектор,
1. ЖАОК сипаттамасы:
Оқу мақсаты: Пәннің мақсаты – студенттердің қайран кен орны туралы білімдері мен түсініктерін қалыптастыруға бағытталған теориялық және практикалық білімдерді меңгеру, сондай-ақ дағдылар мен икемдерді игеру.
1.1 Оқу міндеттері: Қайран кен орнының орналасуын, қабаттарының құрылымын және коллекторлық қасиеттерін анықтау және мұнай өндіру тиімділігін арттыру технологияларын қарастыру.
1.2 Оқу нәтижелері: Теңіз және қайраң кен орындарында өндіруші ұңғымалар жұмысының технологиялық режимін бұзудың негізгі себептерін; теңіз және қайраң кен орындарында көлбеу және көлденең ұңғымаларды пайдалану ерекшеліктерін; қайраң кен орындарында пайдаланудың негізгі тәсілдерін; теңіз және қайраң кен орындарында қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғау қағидаларының негізгі талаптарын біледі. теңіз платформасын сүйрету кезінде параметрлерді анықтай алады; негізгі процестердің таспасын есептеу әдістерімен кен орындарының әртүрлі типтері үшін өндіруші ұңғымаларды пайдаланудың технологиялық режимін реттей алады, төсеу кезінде технологиялық жер жұмыстарын есептей алады; теңіз құбырлары ақауларының қауіптілік дәрежесін анықтай алады.
Адамның өндірістік қызметінің әртүрлі табиғи ортаға теріс әсерін азайту әдістерін; энергетикалық ластанудан қорғау әдістерін; нақты өндірістік міндеттерді шешу үшін қажетті жабдықты таңдау дағдыларын біледі
2. Пререквизиттер: Мұнай- газ объектілерін өндіру технологиясының қауіпсіздігі, Ұңғымаларды бұрғылау
3. Постреквизиттер: Автоматтандырылған жобалау жүйесінің негіздері, Мұнай-газ жабдықтарын коррозиядан қорғау
4. Академиялық кредиттер саны/ЖАОК ұзақтығы: 5
5. Курстың қиындық деңгейі: орта