Курс туралы
Несіпбай Олжас Мұратұлы, PhD, сеньор-лектор,
1. МООК сипаттамасы
Курс туристік кәсіпорындарда бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізу дағдыларын қалыптастырады. Оқыту тілі — қазақ тілі.
1.1. Оқыту мақсаты: «Туризмдегі бухгалтерлік есеп және салық салу» пәнін оқытудың мақсаты – білім алушыларға туризм саласындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың теориялық және практикалық негіздерін, туристік кәсіпорындардың шаруашылық операцияларын бухгалтерлік есепте көрсету тәртібін, қаржылық есептілікті қалыптастыру ерекшеліктерін, сондай-ақ туризм субъектілеріне салық салу тәртібін меңгерту және алынған білімді кәсіби қызметте қолдану дағдыларын қалыптастыру.
1.2. Оқыту міндеттері: Пән білім алушыларды туризм саласындағы бухгалтерлік есеп пен салық салудың теориялық негіздерімен, туристік ұйымдар қызметінің ерекшеліктерімен, есеп жүргізудің нормативтік-құқықтық талаптарымен және қаржылық есептілікті қалыптастыру тәртібімен таныстырады.
Пән туристік ұйымдардың активтерін, міндеттемелерін, капиталын, кірістері мен шығыстарын есепке алуды, туристік өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауды, туроператорлық, турагенттік, делдалдық және валюталық операцияларды рәсімдеуді, сондай-ақ салықтарды есептеу мен қаржылық есептілікті дайындауды үйретеді.
Бұл пән бастапқы құжаттармен жұмыс істеу, бухгалтерлік жазбалар құрастыру, туристік қызметтердің өзіндік құнын есептеу, есептік және салықтық ақпаратты талдау, кәсіби пайымдау, жауапты шешім қабылдау және алған білімді тәжірибеде қолдану дағдыларын дамытады.
1.3. Оқыту нәтижелері: туристік кәсіпорындарда бухгалтерлік және салық есептерін жүргізеді.
2. Пререквизиттер. Туризм саласындағы кәсіпкерлік негіздері.
3. Постреквизиттер. Қорытынды аттестаттау.
4. Академиялық кредиттер саны / МООК ұзақтығы: 5 кредит / 150 академиялық сағат / 15 апта. Дәрістер — 15 сағат; тәжірибелік сабақтар — 30; БОӨЖ — 15; БӨЖ — 90. Әр бейнедәрістің ұзақтығы — кемінде 15 минут.
5. Курстың күрделілік деңгейі: Бастапқы деңгейден қолданбалы орта деңгейге өту.