Описание

О курсе

Тұяқбай Әсем Серікқызы, PhD доктор, ассистент-профессор,

Мейрам Диана Дәуреновна, магистр, сеньор-лектор,

1.ЖАОК сипаттамалары

1.1. Оқу мақсаты: -«Геодезия және маркшейдерлік жұмыстар» пәнінің мақсаты білім алушылардың геодезия және маркшейдерлік іс саласындағы инженерлік-геодезиялық және тау-кен жұмыстарын орындау үшін теориялық және тәжірибелік білімі мен дағдыларын игеру болып табылады.. «Геодезия және маркшейдерлік жұмыстар» пәнінің мақсаты білім алушылардың 6В072 - Өндірістік және өңдеу салалары 6В07219 – Тау кен ісі үшін теориялық және тәжірибелік білімімен дағдыларын игеру болып табылады.

1.2 Оқу міндеттері:

Білім алушыларды геодезия және маркшейдерлік істің негізгі ұғымдарымен, жердің пішіні мен өлшемдерімен, координаталар жүйесімен, геодезиялық аспаптармен, топографиялық карталармен және тау-кен өндірісіндегі маркшейдерлік жұмыстардың ерекшеліктерімен таныстырады.

Геодезиялық аспаптарды қолдануды, жер бетіндегі горизонталь және вертикаль бұрыштарды, қашықтықтар мен биіктіктерді өлшеуді, координаталар мен абсолюттік биіктіктерді анықтауды, топографиялық жоспарлар мен карталарды құруды, тау-кен қазбаларында маркшейдерлік өлшеулер мен есептеулер жүргізуді үйретеді.

Білім алушылардың кеңістіктік ойлау қабілетін, геодезиялық өлшеулерді орындау және нәтижелерін талдау дағдыларын, инженерлік есептеулер жүргізу қабілетін, сызбалар мен жоспарларды оқу біліктілігін және тау-кен өндірісіндегі маркшейдерлік мәселелерді шешу қабілетін дамытады.

1.3 Окыту нәтижелері:

Қатты пайдалы қазбаларды өндіру, жерасты құрылыстарын салу және пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйелерін әзірлеу дағдыларын қолданады. Тау-кен өнеркәсібінің графикалық құжаттамасына қауіпті аймақтардың шекарасын салу және осы шекараларды «табиғатта» белгілеу дағдыларын меңгереді. Қауіпті, қорғалатын және қауіпсіздік аймақтарының өлшемдерін есептейді. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жер қойнауын игеру мен қорғаудың барлық кезеңдерінде тау-кен қазбаларының, ғимараттардың, құрылыстардың және жер бетінің жай-күйіне маркшейдерлік бақылауды жүзеге асырады.

2. Пререквизиттері: Жерасты құрылыстарының құрылымын есептеу

3. Постреквизиттері: Массивтің жағдайын басқару

4. Академиялык кредиттер саны - 5;

5. ЖАОК ұзақтығы -15

6. Курстың қиындық деңгейі: орта деңгей