Мехатрондық жүйелердің электротехника, электроника және схемотехника негіздері
About the course
Төлегенова А.Б.. – сеньор-лектор,
1.1 ЖАОК сипаттамасы
1.2 Оқудың мақсаты: «Мехатрондық жүйелердің электротехника, электроника және схемотехника негіздері» пәнін оқытудың мақсаты — білім алушылардың электротехника, электроника және цифрлық схемотехника саласындағы теориялық әрі практикалық білімдерді меңгеруі, сондай-ақ мехатрондық жүйелерде, өнеркәсіптік автоматикада және электр жетектерінде қолданылатын электр тізбектерін, электрондық құрылғылар мен схемаларды талдау және есептеу шеберліктері мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
1.3 Оқудың міндеттері:
Мехатрондық жүйелерде қолданылатын электр тізбектерінің параметрлері мен негізгі электрондық компоненттердің сипаттамаларын анықтау.
Электрлік және электрондық тізбектерге арналған есептерді шығару кезінде электротехника заңдары мен есептеу әдістерін қолдану.
Өнеркәсіптік автоматика жүйелері мен электр жетектерінде пайдаланылатын электрлік, электрондық және цифрлық схемаларды талдау.
Мехатрондық жүйелерді құрастыру үшін берілген техникалық сипаттамалар бойынша датчиктерді, жетектерді және басқару модульдерін таңдау.
1.4 Оқу нәтижелері: Өнеркәсіптік автоматтандыру жүйелері мен электржетектерде қолданылатын электрондық құрылғылар мен компоненттердің жұмыс істеу қағидаттарын талдайды.
1. Пререквизиттер. Физика
2. Постреквизиттер. Жетектер мен автоматтандыруға арналған өнеркәсіптік электроника
3. Академиялық кредиттердің саны/ЖАОК ұзақтығы 5 кредит
4. Курстың күрделілік деңгейі: орта