Онлайн-курс

Мехатрондық жүйелердің электротехника, электроника және схемотехника негіздері

Описание

О курсе

Төлегенова А.Б.. – сеньор-лектор,

1.1 ЖАОК сипаттамасы

1.2 Оқудың мақсаты: «Мехатрондық жүйелердің электротехника, электроника және схемотехника негіздері» пәнін оқытудың мақсаты — білім алушылардың электротехника, электроника және цифрлық схемотехника саласындағы теориялық әрі практикалық білімдерді меңгеруі, сондай-ақ мехатрондық жүйелерде, өнеркәсіптік автоматикада және электр жетектерінде қолданылатын электр тізбектерін, электрондық құрылғылар мен схемаларды талдау және есептеу шеберліктері мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

1.3 Оқудың міндеттері:

 Мехатрондық жүйелерде қолданылатын электр тізбектерінің параметрлері мен негізгі электрондық компоненттердің сипаттамаларын анықтау.

 Электрлік және электрондық тізбектерге арналған есептерді шығару кезінде электротехника заңдары мен есептеу әдістерін қолдану.

 Өнеркәсіптік автоматика жүйелері мен электр жетектерінде пайдаланылатын электрлік, электрондық және цифрлық схемаларды талдау.

 Мехатрондық жүйелерді құрастыру үшін берілген техникалық сипаттамалар бойынша датчиктерді, жетектерді және басқару модульдерін таңдау.

1.4 Оқу нәтижелері: Өнеркәсіптік автоматтандыру жүйелері мен электржетектерде қолданылатын электрондық құрылғылар мен компоненттердің жұмыс істеу қағидаттарын талдайды.

1. Пререквизиттер. Физика

2. Постреквизиттер. Жетектер мен автоматтандыруға арналған өнеркәсіптік электроника

3. Академиялық кредиттердің саны/ЖАОК ұзақтығы 5 кредит

4. Курстың күрделілік деңгейі: орта