Description

About the course

Кабиева Асем Темиргалиевна – PhD, ассистент-профессор,

1. ЖАОК-тың сипаттамасы: Жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қазақстандық экономика жағдайында компаниялардың қаржылық жағдайын бағалау әдістерін зерттеуге, олардың тұрақтылығы мен тиімділігін болжауға бағытталған пән. Курс қаржылық есептілікті талдау, тәуекелдерді басқару құралдарын, сондай-ақ халықаралық стандарттарды (ХҚЕС) және Қазақстан Республикасының ұлттық талаптарын қолдану ерекшеліктерін қамтиды.

1.1 Пәннің мақсаты: Пәннің мақсаты ұйымдардың қаржылық жағдайы мен қаржылық тұрақтылығын, төлемқабілеттілігі мен өтімділігін және іскерлік белсенділігін бағалау үшін қаржылық есептілік ақпараттары мен жасанды интелекті мүмкіндіктерін пайдалана отырып қаржылық талдау жүргізуді игеру және қорытынды жасауға үйрету болып табылады.

1.2 Пәннің міндеттері:

  • кәсiпорын қызметiне қаржылық талдау жүргiзудiң теориялық, әдiстемелiк және тәжiрибиелiк негiзiн таныстырады;
  • талдау әдiстерiнiң қолданылуын жете меңгереді;
  • кәсiпорында орын алған жағдайлардың себебiн және оған әсер ететiн факторларды анықтай бiледі;
  • кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен қаржылық тұрақтылығын және төлемқабілеттілігі мен іскерлік белсенділігіне талдау жасай алады;
  • кәсiпорынның қаржылық тиiмдiлігін арттыру үшін шешiмдердi қабылдау қабілетін дамытады.

1.3 Оқыту нәтижелері. Студенттер Қазақстан Республикасының салалық және макроэкономикалық ерекшеліктерін ескере отырып, компанияның қаржылық жай-күйіне кешенді талдау жүргізе алады, ресурстарды оңтайландыру және тәуекелдерді азайту бойынша ұсынымдарды тұжырымдай алады, басқару шешімдерін болжау мен қабылдаудың заманауи құралдарын пайдалана алады, реттеуші органдардың талаптарын және халықаралық стандарттарды қазақстандық заңнама контекстінде түсіндіре алады.

2. Пререквизитері. Қаржылық математика, Қаржылық есептеу негіздері

3. Постреквизиттері. Тәуекел жағдайында дағдарысты басқару, Жобаларды инвестициялық-қаржылық талдау, Жобалық қаржыландыру

4. Академиялық кредит саны/ЖАОК-тың ұзақтығы: 5 кр./1 семестр

5. Курстың меңгеру деңгейі: «Қаржылық талдау» пәнін меңгеру нәтижесінде білім алушылар кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау, қаржылық есептілікті талдау, қаржылық көрсеткіштерді есептеу және талдау нәтижелері негізінде басқарушылық шешімдер қабылдау дағдыларын қалыптастырады.