О курсе
Мейрам Диана Дәуренқызы, магистр, сеньор-лектор,
Тұяқбай Әсем Серікқызы, PhD доктор, ассистент-профессор,
1.ЖАОК сипаттамалары
1.1. Оқу мақсаты: - «Ашық тау-кен жұмыстарының технологиялық процестері мен кешендері» пәнінің мақсаты білім алушылардың ашық тау-кен жұмыстарының технологиялық процестерін ұйымдастыру, тау-кен машиналары мен жабдықтарын таңдау және технологиялық кешендердің тиімділігін бағалау саласындағы кәсіби қызмет үшін қажетті теориялық және тәжірибелік білімі мен дағдыларын игеру болып табылады.«Ашық тау-кен жұмыстарының технологиялық процестері мен кешендері» пәнінің мақсаты білім алушылардың 6В072 - Өндірістік және өңдеу салалары 6В07219 – Тау кен ісі үшін теориялық және тәжірибелік білімімен дағдыларын игеру болып табылады.
1.2 Оқу міндеттері:
Білім алушыларды ашық тау-кен жұмыстарының негізгі технологиялық процестерімен, оларды орындау ерекшеліктерімен, сондай-ақ кен орындарын ашық әдіспен игеру кезінде қолданылатын тау-кен машиналары мен жабдықтарымен таныстыру.
Тау жыныстарын қазуға дайындауды, бұрғылау-жару жұмыстарының параметрлерін есептеуді, тау жыныстарын қазып алу, тиеу және тасымалдау процестерін орындауды, тау-кен жабдықтарының өнімділігін анықтауды және тиімді технологиялық сұлбаларды таңдауды үйрету.
Білім алушылардың технологиялық кешендерді таңдау, өндірістік есептеулерді орындау және талдау, тау-кен жабдықтарының тиімділігін бағалау, сондай-ақ ашық тау-кен жұмыстарын ұтымды ұйымдастыру және олардың тиімділігін арттыру үшін алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын дамыту.
1.3 Окыту нәтижелері:
Ашық тау-кен жұмыстарының негізгі технологиялық процестері мен кешендері туралы білімдерін практикада қолдану. Тау жыныстарын қазуға дайындау, бұрғылау-жару, қазып алу, тиеу және тасымалдау процестерінің негізгі параметрлерін анықтайды, тау-кен машиналары мен жабдықтарын таңдайды, олардың өнімділігін есептейді. Технологиялық кешендердің жұмысын талдайды және ашық тау-кен жұмыстарын тиімді әрі қауіпсіз ұйымдастыру үшін алынған білімдерін қолданады.
2. Пререквизиттері: Пайдалы қазбалар кен орындарын ашу және дайындау.
3. Постреквизиттері: Тау-кен кешеніндегі математикалық модельдеу, ашық тау-кен жұмыстарын жобалау.
4. Академиялык кредиттер саны - 5;
5. ЖАОК ұзақтығы -15
6. Курстың қиындық деңгейі: орта деңгей