About the course
Жұматаева А.Р. – магистр, сеньор-лектор,
ЖАОК сипаттамасы: Пән білім алушыларда отын шикізатын бөлу және өңдеу химия-технологиялық процестерінің ерекшеліктері туралы білім қалыптастыруға, сондай-ақ мұнай өнімдері мен көміртекті материалдарды өндіру тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін заңдылықтарды түсінуге бағытталған. Білім алушылар отынды өңдеу әдістерін қолдана алады, мұнайды, табиғи және ілеспе газдарды бастапқы және екінші реттік өңдеу процестеріне қатысты заманауи тәсілдерді талдай алады.
Мақсаты: Майлау материалдарын өндіру, тазалау, модификациялау және сапасын бақылау технологиясы саласында теориялық білім алу, сондай-ақ майлар мен жағармайларды алудың ұтымды технологиялық сызбаларын таңдау және негіздеу қабілетін дамыту.
Оқу міндеттері:
- Майлау материалдарының түрлері, құрамы, қасиеттері және қолданылу салалары туралы теориялық білім беру.
- Майлау майларын өндіруге арналған шикізат түрлерін, олардың ерекшеліктерін және сапалық көрсеткіштерін оқып-үйрету.
- Мұнай майларын өндірудің, тазалаудың және модификациялаудың негізгі технологиялық процестерін меңгерту.
- Майлау материалдарының физика-химиялық және пайдалану қасиеттерін анықтау және бағалау әдістерін үйрету.
- Майлау материалдарының сапасын бақылау және оларға қойылатын негізгі талаптарды меңгерту.
- Майлар мен жағармайларды өндірудің технологиялық сызбаларын талдау, таңдау және олардың тиімділігін негіздеу дағдыларын қалыптастыру.
- Майлау материалдарының пайдалану барысында қасиеттерінің өзгеру себептерін анықтау және олардың жұмыс қабілеттілігін арттыру жолдарын меңгерту.
- Заманауи технологияларды пайдалана отырып, жоғары сапалы және тиімді майлау материалдарын өндіру бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыру.
Оқу нәтижелері:
Майлау материалдарын алу және тазарту технологияларын қолданады, олардың физика-химиялық қасиеттерін талдайды және экологиялық қауіпсіздікті ескере отырып сапасын жақсартады.
Пререквизиттері: Органикалық химия, жалпы химиялық технологиялар.
Постреквизиттер: Қорытынды аттестация.
Академиялық кредиттер саны / ЖАОК ұзақтығы: 5 / 15 мин
Курстың күрделілік деңгейі: орташа