Полимерлердің және полимерлік материалдардың қасиеттерін зерттеудің заманауи әдістері
About the course
Жұматаева А.Р. – магистр, сеньор-лектор,
ЖАОК сипаттамасы: Пән білім алушыларда полимерлер мен полимерлік материалдардың қасиеттерін зерттеудің заманауи әдістері, полимерлерді талдауда қолданылатын әртүрлі аспаптардың жұмыс істеу принциптері туралы білім қалыптастыруға бағытталған. Білім алушылар полимерлік материалдардың негізгі физика-химиялық және механикалық қасиеттерін анықтау әдістерін қолдану дағдыларын меңгереді, сондай-ақ полимерлік материалдың қажетті қасиеттерін анықтауға ең қолайлы талдау әдістерін таңдай алады.
Мақсаты: Білім алушылардың полимерлер мен полимерлік материалдардың құрылымы және қасиеттерін зерттеу әдістері туралы білімін қалыптастыру, зерттеу мақсатына сәйкес әдісті таңдау және алынған нәтижелерді түсіндіру дағдыларын дамыту.
Оқу міндеттері:
1. Полимерлерді зерттеудің негізгі әдістері мен олардың қолданылу мүмкіндіктерін түсіндіру;
2. Полимерлердің құрамы, құрылымы және қасиеттері арасындағы байланысты ашу;
3. Полимерлерді сәйкестендіру, молекулалық массасы мен физикалық қасиеттерін анықтау тәсілдерін меңгерту;
4. Спектрлерді және эксперименттік деректерді талдау дағдыларын қалыптастыру;
5. Зертханалық жұмыстарды қауіпсіз орындауға, нәтижелерді рәсімдеуге және қорытынды жасауға үйрету.
Оқу нәтижелері:
Полимерлер мен полимерлік материалдардың құрылымы мен қасиеттерін зерттеу үшін заманауи физика-химиялық әдістерді қолданады.
Пререквизиттері: Пластмасса және полимер өндірісінің технологиясы.
Постреквизиттер: Қорытынды аттестация.
Академиялық кредиттер саны / ЖАОК ұзақтығы: 5 / 15 мин
Курстың күрделілік деңгейі: орташа