Description

About the course

Жұматаева А.Р. – магистр, сеньор-лектор,

ЖАОК сипаттамасы: Пән білім алушыларда табиғи және ілеспе газды өңдеу технологиялары, табиғи және ілеспе көмірсутекті газдарды бөлу процестерінің негіздері, қондырғылардың негізгі жабдықтары туралы білімдерін дамытуға бағытталған. Пәнді оқу процесінде білім алушыларда табиғи және ілеспе газдарды дайындау және бөлу үшін жабдықтарды есептеу әдістерін қолдану дағдылары қалыптасады.

Мақсаты: Білім алушыларға табиғи және ілеспе газдардың құрамы, физика-химиялық қасиеттері мен фазалық күйі туралы теориялық білім беру. Сонымен қатар газды кәсіпшілікте дайындау, қышқыл компоненттерден тазарту, кептіру, күкірт өндіру, төмен температурада бөлу, сұйытылған газдар мен газ моторлы отындарын, гелийді өндіру процестерінің технологиялық негіздерін меңгерту. Осы білім негізінде газ өңдеу өнеркәсібінде технологиялық процестерді талдай, таңдай және есептей алатын білікті маман даярлау.

Оқу міндеттері:

  • 1) Табиғи газ өнеркәсібінің қазіргі жағдайымен және даму бағыттарымен таныстыру.
  • 2) Табиғи газ жүйелерінің фазалық күйін, газдар мен жеңіл көмірсутек сұйықтарының физика-химиялық қасиеттерін және ылғалдылығын оқыту.
  • 3) Газды кәсіпшілікте дайындау, қышқыл компоненттер мен меркаптандардан тазарту және кептіру әдістерін меңгерту.
  • 4) Клаус процесі бойынша күкірт өндіру және шығатын газдарды қосымша тазарту технологияларын үйрету.
  • 5) Көмірсутекті газдарды төмен температурада бөлу және конденсациялау процестерінің негіздерін оқыту.
  • 6) Сұйытылған газдар, газ моторлы отындары мен гелий өндіру технологияларымен, сондай-ақ газ өңдеудің перспективалы әдістерімен таныстыру.
  • 7) Технологиялық сызбаларды талдау, процестердің негізгі параметрлерін есептеу және тиімді шешімдер таңдау дағдыларын қалыптастыру.

Оқу нәтижелері:

Табиғи және ілеспе газдарды өңдеу процестерін талдау және есептеу әдістерін қолданады, оларды дайындау мен бөлуге арналған жабдықты таңдайды.

Пререквизиттері: Органикалық химия.

Постреквизиттер: Мұнай химиясы.

Академиялық кредиттер саны / ЖАОК ұзақтығы: 5 / 15 мин

Курстың күрделілік деңгейі: орташа