Описание

О курсе

Оркеева А.Н. – сеньор-лектор,

ЖАОК сипаттамасы: Пән атмосфераға шығарындыларды басқару әдістері және антропогендік факторлардың ауа сапасына әсері туралы іргелі білім қалыптастырады. Білім алушылар парниктік газдар шығарындыларын басқару әдістерін, экологиялық мониторинг деректерін талдауда цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект элементтерін қолданады, ауа сапасын болжайды және экологиялық қауіпсіздік стратегияларын әзірлейді.

Мақсаты: білім алушыларда климаттың өзгеруі жағдайында өндірістік және аймақтық деңгейде парниктік газдар шығарындыларын есепке алу, мониторингтеу, верификациялау және оларды төмендету бойынша экологиялық, құқықтық және инженерлік-технологиялық шешімдерді әзірлеу мен қолдану саласында іргелі білім мен кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру.

Оқу міндеттері:

  • 1) білім алушыларды парниктік газдар шығарындыларын реттейтін халықаралық келісімдермен, ҚР Экологиялық кодексінің талаптарымен және декарбонизацияның жаһандық трендтерімен таныстырады.
  • кәсіпорындарда парниктік газдарды халықаралық стандарттар бойынша инвентаризациялауды, шығарындыларды есептеуді және көміртегі квоталарымен жұмыс істеуді үйретеді.
  • өндірістегі климаттық тәуекелдерді бағалау, экологиялық жобаларды әзірлеу және кәсіпорынды төмен көміртекті дамуға көшіру бойынша кәсіби-талдамалық дағдыларды дамытады.

Оқу нәтижелері: Экожүйелердің негізгі биологиялық құрамдастарын анықтайды, функционалдық мақсатына қарай жіктейді, тірі организмдер мен қоршаған орта арасындағы байланыстарды талдайды, олардың экологиялық тепе-теңдікті сақтаудағы рөлін түсіндіреді, антропогендік факторлардың биосфераға әсерін бағалайды және алған білімдерін қоршаған ортаны қорғау шараларын негіздеу үшін қолданады.

1.Пререквизит: Қоршаған ортаға әсерді бағалау, Геоэкология.

2.Постреквизит: Өнеркәсіптік экология, Экологиялық мониторинг және жасанды интеллект технологиялары.

3. Қорытынды аттестаттау.

4. Академиялық кредиттер саны - 5/ЖАОК ұзақтығы

5. Курстың қиындық деңгейі: орта