Сипаттама

Курс туралы

Тұяқбай Әсем Серікқызы, PhD доктор, ассистент-профессор,

Мейрам Диана Дәуреновна, магистр, сеньор-лектор,

1.ЖАОК сипаттамалары

1.1. Оқу мақсаты: -«Тау жыныстарының физикасы» пәнінің мақсаты білім алушылардың тау жыныстарының физикалық-механикалық қасиеттерін зерттеу және бағалау саласындағы кәсіби қызмет үшін теориялық және тәжірибелік білімі мен дағдыларын игеру болып табылады. «Тау жыныстарының физикасы» пәнінің мақсаты білім алушылардың 6В072 - Өндірістік және өңдеу салалары 6В07219 – Тау кен ісі үшін теориялық және тәжірибелік білімімен дағдыларын игеру болып табылады.

1.2 Оқу міндеттері:

  • 1) Пән білім алушыларды тау жыныстарының құрамы, құрылысы, физикалық және механикалық қасиеттерімен, сондай-ақ олардың тау-кен жұмыстары кезіндегі мінез-құлқымен таныстырады.
  • 2) Пән тау жыныстарының тығыздығын, кеуектілігін, ылғалдылығын, беріктігін, қаттылығын, серпімділігін, пластикалылығын және басқа да физикалық-механикалық көрсеткіштерін анықтауды, зерттеу нәтижелерін есептеу мен талдауды үйретеді.
  • 3) Пән білім алушылардың тау жыныстарының қасиеттерін бағалау, есептеу, талдау және практикалық есептерді шешу, сондай-ақ тау-кен жұмыстарын жобалау кезінде алынған білімді қолдану дағдыларын дамытады.

1.3 Окыту нәтижелері:

Тау жыныстарының физикалық-механикалық қасиеттері және олардың құрылымдық-механикалық ерекшеліктері туралы білімдерін практикада қолдану. Тау жыныстарының барлық маңызды физикалық және техникалық параметрлерінің өлшемдері мен ең ықтимал мәндерін анықтайды, сондай-ақ зертханалық және табиғи жағдайларда тау жыныстарының негізгі физикалық қасиеттерін анықтауға арналған тәжірибе әдістерін, әдістерін және жабдықтарын таңдайды. Тау жыныстарының қасиеттері бойынша тәжірибелік мәліметтерді өңдейді.

2. Пререквизиттері: Физика

3. Постреквизиттері: Тау-кен кешеніндегі математикалық модельдеу

4. Академиялык кредиттер саны - 5;

5. ЖАОК ұзақтығы -15

6. Курстың қиындық деңгейі: орта деңгей