О курсе
Әлімханова А.Ж. - PhD, оқытушы аға ,
1. MOOC сипаттамалары
1.1 Зерттеудің мақсаты:
Білім алушыларда АЖЖ құралдары арқылы инженерлік жобаларды жасау, талдау және оңтайландыру бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру, сондай-ақ модельдеу, тексеру және жобалық құжаттаманы дайындау кезеңдерінде жасанды интеллект технологияларын негізді қолдануға үйрету.
1.2 Оқу тапсырмалары:
1. Қазіргі АЖЖ-нің мақсатын, құрылымын, жіктелуін және негізгі құрамдастарын зерделеу.
2. Инженерлік объектілерді екі өлшемді сызу, үш өлшемді және параметрлік модельдеу әдістерін меңгеру.
3. Нұсқаларды генерациялау, жобалық деректерді талдау, оңтайландыру және қателерді анықтау үшін жасанды интеллект әдістерін қолдануды үйрену; алынған нәтижелердің дұрыстығын, қауіпсіздігін және этикалық шектеулерін бағалау.
1.3 Оқу нәтижелері:
жобалық сызбалар, сұлбалар мен жобалық шешімдерді әзірлеу үшін АЖЖ-ның базалық функцияларын қолданады, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау саласында инженерлік жүйелерді модельдеу, объектілерді жоспарлау, техникалық құжаттаманы әзірлеу үшін цифрлық құралдарды пайдаланады.
1.4 Пререквизиттер. Инженерлік графика
1.5 Постреквизиттер. Қорытынды аттестаттау 1.6 академиялық кредиттер саны/ЖАОК ұзақтығы: 5 кредит
1.7 курстың қиындық деңгейі: орташа