Онлайн-курс

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер есебі мен есептілігі

Описание

О курсе

Абдыгалиева Л.С. – сеньор-лектор,

Бекбусинова Г.К. – э.ғ.к., ассисент-профессор,

ЖАОК сипаттамасы: курстың мақсаты шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінде бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті ұйымдастырудың теориялық, әдістемелік және практикалық негіздерін меңгерту, шаруашылық операцияларды бастапқы құжаттарда және бухгалтерлік шоттарда көрсету, активтерді, міндеттемелерді, капиталды, кірістер мен шығыстарды есепке алу, салықтық және қаржылық есептілікті қалыптастыру ерекшеліктері бойынша білім қалыптастыру. Қазіргі экономикалық жағдайда ШОБ субъектілерінің есеп саясатын әзірлеу, қаржылық нәтижелерін бағалау, салық режимін таңдау, есептіліктің дұрыстығын қамтамасыз ету, ішкі бақылауды ұйымдастыру және бухгалтерлік есепті цифрлық технологиялар арқылы автоматтандыру дағдыларын дамытуға ықпал ету.

Оқу міндеттері:

1. Студенттерді Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен жүргізудің ерекшеліктерімен таныстыру.

2. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің бастапқы есеп құжаттарын ресімдеуге және шаруашылық операцияларын бухгалтерлік есепте көрсетуге үйрету.

3.Бухгалтерлік есеп регистрлерін жүргізуге, сондай-ақ кәсіпорынның активтерін, міндеттемелерін, капиталын, кірістері мен шығыстарын есепке алуға үйрету.

4. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қаржылық және салықтық есептілігін қалыптастыру тәртібін меңгерту.

5. Бухгалтерлік және қаржылық есептілікті құрастыру үшін есептік ақпаратты жинақтау және жүйелеу дағдыларын қалыптастыру.

6. Қызмет нәтижелерін бағалау және басқарушылық шешімдер қабылдау үшін бухгалтерлік есеп пен есептілік деректерін қолдану біліктерін қалыптастыру.

Оқу нәтижелері: Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің бухгалтерлік есептілігі мен қаржылық есептілігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес құрастырады және есеп регистрлерін жүргізеді.

1. Пререквизит: Қаржылық есеп 1.

2. Постреквизит: Қорытынды аттестаттау.

3. Академиялық кредиттер саны - 5/ЖАОК ұзақтығы

4. Курстың қиындық деңгейі: орта