Online course

Пайдалы қазбалар кен орындарын жерасты өндіру технологиясы 1

Description

About the course

Тұяқбай Әсем Серікқызы, PhD доктор, ассистент-профессор,

Мейрам Диана Дәуреновна, магистр, сеньор-лектор,

1.ЖАОК сипаттамалары

1.1. Оқу мақсаты: -«Пайдалы қазбалар кен орындарын жерасты өндіру технологиясы 1» пәнінің мақсаты білім алушылардың пайдалы қазбалар кенорындарынжерасты өндіру саласындағы кенді ашу, дайындау және қазу жүйелерін таңдау, тау-кенжұмыстарын ұйымдастыру және технологиялық процестерді тиімді жүргізубойыншатеориялық білімдерін меңгеру және практикалық дағдыларын қалыптастырудықамтиды. «Пайдалы қазбалар кен орындарын жерасты өндіру технологиясы 1» пәнінің мақсаты білім алушылардың 6В072 - Өндірістік және өңдеу салалары 6В07219 – Тау кен ісі үшін теориялық және тәжірибелік білімімен дағдыларын игеру болып табылады.

1.2 Оқу міндеттері:

пайдалы қазбалар кен орындарын жерасты өндірудің негізгі технологиялықпроцестері мен тәсілдерін меңгеру;

  • кен орындарын ашу, дайындау және қазу жүйелерінің ерекшеліктерінигеру;
  • кен орнының тау-кен-геологиялық және тау-кен-техникалық жағдайларынасәйкесашу және дайындау тәсілдерін таңдауды қалыптастыру;
  • пайдалы қазбаларды қазу жүйелерінің параметрлерін анықтау және негіздеудағдыларын қалыптастыру;
  • бұрғылау-жару, тиеу-тасымалдау және қосалқы жұмыстардың технологиялықсұлбаларын меңгеру;
  • жерасты тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде еңбек қауіпсіздігі және өнеркәсіптікқауіпсіздік талаптарын игеру;
  • пайдалы қазбаларды өндіру кезінде шығындар мен құнарсыздануды төмендету тәсілдерін меңгеру;
  • тау-кен жұмыстарының технологиялық көрсеткіштерін бағалау және оңтайландыру дағдыларын қалыптастыру;
  • заманауи тау-кен машиналары мен жабдықтарын таңдау және тиімді қолдану дағдыларын игеру.

1.3 Окыту нәтижелері:

Тау-кен-геологиялық жағдайларды кешенді талдау және тазарту жұмыстарының технологиялық параметрлерін есептеу арқылы кен орындарын ашу сұлбалары мен жерасты игеру жүйелерін таңдауды негіздейді.

2. Пререквизиттері: Тау-кен жұмыстарын автоматтандыру және механикаландыру

3. Постреквизиттері: Пайдалы қазбалар кен орындарын жерасты өндіру технологиясы 2

4. Академиялык кредиттер саны - 5;

5. ЖАОК ұзақтығы -15

6. Курстың қиындық деңгейі: орта деңгей