О курсе
Тұяқбай Әсем Серікқызы, PhD доктор, ассистент-профессор,
Мейрам Диана Дәуреновна, магистр, сеньор-лектор,
1.ЖАОК сипаттамалары
1.1. Оқу мақсаты: -«Пайдалы қазбалар кен орындарын жерасты өндіру технологиясы 1» пәнінің мақсаты білім алушылардың пайдалы қазбалар кенорындарынжерасты өндіру саласындағы кенді ашу, дайындау және қазу жүйелерін таңдау, тау-кенжұмыстарын ұйымдастыру және технологиялық процестерді тиімді жүргізубойыншатеориялық білімдерін меңгеру және практикалық дағдыларын қалыптастырудықамтиды. «Пайдалы қазбалар кен орындарын жерасты өндіру технологиясы 1» пәнінің мақсаты білім алушылардың 6В072 - Өндірістік және өңдеу салалары 6В07219 – Тау кен ісі үшін теориялық және тәжірибелік білімімен дағдыларын игеру болып табылады.
1.2 Оқу міндеттері:
пайдалы қазбалар кен орындарын жерасты өндірудің негізгі технологиялықпроцестері мен тәсілдерін меңгеру;
- кен орындарын ашу, дайындау және қазу жүйелерінің ерекшеліктерінигеру;
- кен орнының тау-кен-геологиялық және тау-кен-техникалық жағдайларынасәйкесашу және дайындау тәсілдерін таңдауды қалыптастыру;
- пайдалы қазбаларды қазу жүйелерінің параметрлерін анықтау және негіздеудағдыларын қалыптастыру;
- бұрғылау-жару, тиеу-тасымалдау және қосалқы жұмыстардың технологиялықсұлбаларын меңгеру;
- жерасты тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде еңбек қауіпсіздігі және өнеркәсіптікқауіпсіздік талаптарын игеру;
- пайдалы қазбаларды өндіру кезінде шығындар мен құнарсыздануды төмендету тәсілдерін меңгеру;
- тау-кен жұмыстарының технологиялық көрсеткіштерін бағалау және оңтайландыру дағдыларын қалыптастыру;
- заманауи тау-кен машиналары мен жабдықтарын таңдау және тиімді қолдану дағдыларын игеру.
1.3 Окыту нәтижелері:
Тау-кен-геологиялық жағдайларды кешенді талдау және тазарту жұмыстарының технологиялық параметрлерін есептеу арқылы кен орындарын ашу сұлбалары мен жерасты игеру жүйелерін таңдауды негіздейді.
2. Пререквизиттері: Тау-кен жұмыстарын автоматтандыру және механикаландыру
3. Постреквизиттері: Пайдалы қазбалар кен орындарын жерасты өндіру технологиясы 2
4. Академиялык кредиттер саны - 5;
5. ЖАОК ұзақтығы -15
6. Курстың қиындық деңгейі: орта деңгей