Курс туралы
Тұраққазы А.А. – сеньор-лектор,
Бердіғали Ж.Т. – ассистент,
ЖАОК сипаттамасы: Пән өрттің пайда болу себептері мен жану процестерін, өрт қауіпті факторларды, өрттің алдын алу шараларын, өрт дабылы мен өрт сөндіру жүйелерінің жұмыс істеу қағидаларын, өрт сөндіру құралдарын қолдануды және адамдарды қауіпсіз эвакуациялауды зерделеуге бағытталған. Курс аясында білім алушылар өрт қауіпсіздігі талаптарын өндірістік және тұрмыстық жағдайларда қолдануды, өрт тәуекелдерін бағалауды, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет етуді және адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау шараларын ұйымдастыруды меңгереді.
Мақсаты: Пәннің мақсаты-адамдар көп жиналатын ғимараттар мен үй-жайларда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын зерделеу. Пән өрт қауіпсіздігі туралы ережелерді, "өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентін, сондай-ақ аварияларды эвакуациялау және жою жоспарларын, оқу дабылдары мен аварияға қарсы жаттығулар бағдарламаларын әзірлеуді қарайды. Мысалы, «Өрт қауіпсіздігі» пәнінің мақсаты білім алушылардың B094 Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар саласындағы 6В11230 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі үшін теориялық және тәжірибелік білімімен дағдыларын игеру болып табылады.
Оқу міндеттері:
Пән өрт қауіпсіздігінің негізгі қағидаларымен, өрттің пайда болу себептері мен таралу заңдылықтарымен, өрт қауіпсіздігі талаптары мен нормативтік құжаттарымен, өрттің алдын алу және одан қорғану шараларымен таныстырады.
Пән өрт қауіпті жағдайларды анықтауды, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды, өрт сөндірудің бастапқы құралдарын дұрыс қолдануды, адамдарды қауіпсіз эвакуациялауды және өрт кезінде алғашқы әрекеттерді ұйымдастыруды үйретеді.
Пән білім алушылардың өрт қауіптерін бағалау, қауіпті жағдайларда дұрыс шешім қабылдау, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және өрттің алдын алу шараларын ұйымдастыру қабілеттерін дамытады.
Оқу нәтижелері: Нысандар мен үдерістердің өрт қауіптілігін бағалайды, өрттің пайда болу себептері мен даму механизмдерін талдайды, өрттің алдын алу және сөндіру бойынша нормативтік-құқықтық және инженерлік-техникалық шараларды қолданады, өндірістік орта мен адам өмірін қорғау ерекшеліктерін ескере отырып, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйелерін әзірлейді.
Пререквизит: Жану және жарылыс теориясы
Постреквизит: Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою
Қорытынды аттестаттау.
Академиялық кредиттер саны - 5/ЖАОК ұзақтығы
Курстың қиындық деңгейі: орта