Online course

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау

Description

About the course

Кабиева Асем Темиргалиевна – PhD, ассистент-профессор,

1. ЖАОК-тың сипаттамасы: Пән мемлекеттік аудитті ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігін бақылау саласында білім мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Пәннің мазмұны мемлекеттік аудитті құқықтық реттеу негіздерін, бюджеттік шығыстарды талдау және бағалау әдістерін, мемлекеттік ұйымдардың қаржылық қызметін бақылау құралдарын, аудит стандарттары мен рәсімдерін қолдану практикасын қамтиды. Пәнді игеру нәтижесінде білім алушы мемлекеттік құралдар мен ресурстарды пайдаланудың заңдылығын, нәтижелілігін және тиімділігін бағалау үшін мемлекеттік аудит және бақылау әдістерін қолданады.

1.1 Пәннің мақсаты: Білім алушыларда мемлекеттік аудитті ұйымдастыру және жүргізу, мемлекеттік ресурстарды пайдаланудың заңдылығын, нәтижелілігін және тиімділігін бағалау, сондай-ақ мемлекеттік аудиттің құқықтық негіздерін, стандарттары мен рәсімдерін қолдану бойынша кәсіби білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру.

1.2 Пәннің міндеттері:

1. Мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылаудың құқықтық негіздерін, қағидаттары мен стандарттарын зерделеу.

2. Мемлекеттік аудитті ұйымдастыру және жүргізу әдістері мен рәсімдерін меңгеру.

3. Мемлекеттік ресурстарды пайдаланудың заңдылығын, нәтижелілігін және тиімділігін бағалау дағдыларын қалыптастыру.

1.3 Оқыту нәтижелері. Ішкі бақылау жүйесін талдау негізінде бақылау әдістері мен рәсімдерін қолданады және құжаттарды талдау тәртібін зерделейді, содан кейін тексеру актісі мен аудиторлық есепті жасайды.

2. Пререквизитері. Қаржы саясаты және қаржы механизмі, Мемлекеттік бюджет

3. Постреквизиттері. Дипломалды практика / Өндірістік практика

4. Академиялық кредит саны/ЖАОК-тың ұзақтығы: 5 кр./1 семестр

5. Курстың меңгеру деңгейі: «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау» пәнін меңгеру нәтижесінде білім алушылар мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылаудың теориялық негіздерін, нормативтік-құқықтық базасын, аудит жүргізу әдістері мен рәсімдерін меңгереді. Мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігін бағалау, бюджет қаражатының заңдылығы мен негізділігін тексеру және аудит нәтижелері бойынша қорытынды жасау дағдыларын қалыптастырады.