Описание

О курсе

Куандикова Г.Е. – т.ғ.м., сеньор-лектор,

Көшімбек Д.Х. – т.ғ.м., ассистент,

1 ЖАОК сипаттамасы

1.1 Пәнді оқыту мақсаты:

Білім алушыларда басқару объектілерінің математикалық модельдерін құру, талдау, параметрлерін анықтау және компьютерлік м одельдеу нәтижелерін инженерлік есептерде негізді қолдану құзыреттерін қалыптастыру.

Пән зерттеу, жүйелерді басқару үшін математикалық модельдерді қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.Пәннің мазмұны кезеңдерді, математикалық модельдеу әдістерін, объектілерді, басқару жүйелерін, талдау алгоритмдерін, модельдерді синтездеуді, есептеу жүйелерін қолдануды қамтиды.

1.2 Пәнді оқыту міндеттері:

  • техникалық объектілер мен басқару жүйелерін компьютерлік модельдеудің негізгі ұғымдарымен, қағидаттарымен және әдістерімен, басқару объектісінің кіріс, күй, шығыс айнымалылары мен параметрлерімен, олардың физикалық мағынасы және өзара байланысымен, MATLAB/Simulink ортасында модельдеу мүмкіндіктерімен, статикалық және динамикалық математикалық модельдердің түрлерімен және қолданылу ерекшеліктерімен таныстырады;
  • техникалық объектілер мен басқару жүйелерінің математикалық модельдерін құруды, басқару объектісінің кіріс, күй, шығыс айнымалылары мен параметрлерін негізді таңдауды, модельді құру кезінде бастапқы шарттар мен жорамалдарды анықтауды, MATLAB/Simulink ортасында модельдеу жүргізуді, алынған нәтижелерді графиктер мен кестелер арқылы талдауды, эксперименттік деректер бойынша модель параметрлерін бағалауды және модельдеу нәтижелерін нақты объектінің сипаттамаларымен салыстыруды үйретеді;
  • математикалық және компьютерлік модельдеу дағдыларын, модельдің барабарлығы мен сезімталдығын бағалау қабілетін, техникалық шешімдерді талдау, салыстыру және негіздеу білігін, модельдеу нәтижелерін түсіндіру және практикалық қорытынды жасау білігін, инженерлік және жүйелік ойлау дағдыларын дамытады.

1.3 Пәнді оқыту нәтижелері:

Пәнді оқыту нәтижесінде білім алушы компьютерлік модельдеуге арналған техникалық объектілер мен басқару жүйелерінің математикалық модельдерін құрастырады.

1.4 Пререквизиттері: Жоғары математика

1.5 Постреквизиттері: Автоматты басқару теориясы

1.6 Академиялық кредит саны/ ЖАОК ұзақтығы: 5 кредит

1.7 Курстың күрделілік деңгейі: орташа