Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою
Курс туралы
Сламқұл И.С. – сеньор-лектор,
Тұраққазы А.А. – сеньор-лектор,
ЖАОК сипаттамасы: табиғи апаттар мен адам әрекетінен туындайтын қауіпті жағдайлардың себептері, олардың алдын алу жолдары және төтенше жағдайлар кезінде жүргізілетін іс-шаралар туралы білім беруге бағытталған.
Мақсаты: азаматтық қорғау саласындағы бақылау және қадағалау, төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі азаматтық қорғау іс-шаралары, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды және олардың салдарын жою, төтенше жағдайларды жою кезіндегі авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстар туралы білімді қалыптастыру. Пән табиғи, техногендік, әлеуметтік және әскери сипаттағы төтенше жағдайлар туралы негізгі мәліметтерді зерттейді.
Оқу міндеттері:
1. Табиғи және техногенді төтенше жағдайлардың түрлері мен қауіпті факторларын меңгеру.
2. Төтенше жағдайлардың алдын алу, халықты қорғау және эвакуациялау дағдыларын қалыптастыру.
3. Төтенше жағдайларды жою, алғашқы көмек көрсету және құтқару жұмыстарын ұйымдастыруды үйрету.
Оқу нәтижелері: Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың себептері мен салдарын талдайды, аумақтардың тәуекел деңгейі мен осалдықтарын бағалайды, төтенше жағдайлардың алдын алу, ден қою және оларды жою бойынша іс-шараларды әзірлейді және іске асырады, апаттық-құтқару бөлімшелерінің іс-қимылын үйлестіруді және халық пен инфрақұрылымды қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
1 Пререквизит: Төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге шұғыл көмек
2 Постреквизит: Қорытынды аттестаттау
3 Академиялық кредиттер саны - 5/ЖАОК ұзақтығы
4 Курстың қиындық деңгейі: орта