О курсе
Жаппасова Раушан Еркиновна – э.ғ.к., асисстент профессор,
Астана, 2026
1. ЖАОК-тың сипаттамасы:
1.1 Пәннің мақсаты: Курстың мақсаты – білім алушыларда экономика саласында ғылыми зерттеуді жоспарлау, ұйымдастыру, жүргізу және нәтижелерін ғылыми тұрғыдан негіздеу құзыреттерін қалыптастыру, сондай-ақ жасанды интеллект технологияларын ғылыми ақпаратпен, экономикалық деректермен және зерттеу нәтижелерімен жұмыс істеуде тиімді әрі сыни тұрғыдан қолдану дағдыларын дамыту.
1.2 Пәннің міндеттері:
- 1) экономикадағы ғылыми зерттеудің мәнін, қағидаттарын, құрылымы мен логикасын меңгерту;
- 2) ғылыми проблеманы, тақырыпты, объектіні, пәнді, мақсатты, міндеттерді және гипотезаны дұрыс тұжырымдау дағдыларын қалыптастыру;
- 3) ғылыми әдебиетті іздеу, іріктеу, жүйелеу және сыни талдау әдістерін меңгерту;
- 4) экономикалық деректерді жинау, дайындау, статистикалық және эконометрикалық талдау тәсілдерін қолдануды үйрету
- 5) жасанды интеллект құралдарын ғылыми зерттеудің әртүрлі кезеңдерінде тиімді пайдалану және алынған нәтижелерді тексеру дағдыларын қалыптастыру;
- 6) ғылыми нәтижелерді кесте, график, диаграмма және мәтін түрінде дұрыс интерпретациялау қабілетін дамыту.
1.3 Оқыту нәтижелері. Ғылыми зерттеу әдістерін қолданады, жасанды интеллект технологияларын пайдаланып деректерді талдайды және ғылыми нәтижелерді рәсімдейді.
2. Пререквизитері. Мектеп пәні.
3. Постреквизиттері. Статистика, Әлеуметтік-экономикалық статистика.
4. Академиялық кредит саны/ЖАОК-тың ұзақтығы: 3 кредит, соның ішінде 15 сағат лекция, 15 сағат тәжірибелік сабақ, 6 сағат БОӨЖ және 54 сағат БӨЖ.
5. Курстың меңгеру деңгейі: орташа және жетілдірілген деңгей