Курс туралы
Сламқұл И.С. – сеньор-лектор,
Саменова Ж.К. – сеньор-лектор,
Бердіғали Ж.Т. – ассистент,
ЖАОК сипаттамасы: білім алушыларда тау-кен саласындағы өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша білімді қалыптастыруға бағытталған. Пән аясында қауіпті және зиянды факторларды бағалау, авариялардың алдын алу әдістері, қоршаған ортаны қорғау және қауіпсіздік бойынша нормативтік талаптар қарастырылады. Пәнді игеру нәтижесінде білім алушы өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тау-кен өндірісінің қоршаған ортаға әсерін азайту бойынша іс-шараларды әзірлейді.
Мақсаты: Тау-кен өндірісіндегі қауіпті және зиянды өндірістік факторларды анықтау, өндірістік авариялардың алдын алу, қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру.
Оқу міндеттері:
1. Тау-кен өндірісіндегі өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік талаптарымен, қауіпті және зиянды өндірістік факторлармен, қауіпсіздік ережелері мен нормативтік құжаттармен таныстырады.
2. Қауіп-қатерлерді анықтау және бағалау, өндірістік авариялардың алдын алу, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау шараларын дұрыс қолдануды үйретеді.
3. Қауіпсіздік мәдениетін, жауапкершілікті, қауіпті жағдайларда дұрыс шешім қабылдау және өндірістік-экологиялық тәуекелдерді басқару дағдыларын дамытады.
Оқу нәтижелері: Өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тау-кен өндірісінің қоршаған ортаға әсерін азайту бойынша іс-шараларды әзірлейді.
1 Пререквизит: Мектеп бағдарламасы
2 Постреквизит: Тұрақты даму, экология және тіршілік қауіпсіздігі
3 Академиялық кредиттер саны - 5/ЖАОК ұзақтығы
4 Курстың қиындық деңгейі: орта