About the course
Калденова Гулжанат Сыдыковна, э.ғ. к., ассистент - профессор,
1. МООК сипаттамасы
Пән қаржылық консалтинг бойынша кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған. Пәннің мазмұны қаржылық консалтингтің мазмұнын, принциптерін, әдістерін, талдауды жүзеге асыру әдістемесін, экономикалық субъектілердің негізгі бизнес-процестерін түсінуді, цифрлық ортада жаппай тұтынушының мінез-құлқына мониторингті қамтиды. Оқу процесінде магистрант ұйымның ішкі және сыртқы ортасына кешенді қаржылық талдау жүргізу негізінде капитал құрылымын оңтайландыру, өтімділікті басқару, қаржылық тәуекелдерді азайту және ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру бойынша негізделген басқару шешімдерін тұжырымдайды.Оқыту тілі — қазақ тілі.
1.1. Оқыту мақсаты: магистранттардың экономикалық субъектілердің қаржылық жағдайын кешенді талдау, капитал құрылымын оңтайландыру, өтімділікті басқару, қаржылық тәуекелдерді төмендету және ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру негізінде кәсіби қаржылық-консалтингтік шешімдерді әзірлеу және негіздеу құзыреттерін қалыптастыру
1.2. Оқыту міндеттері: Пән магистранттарды қаржылық консалтингтің негізгі ұғымдары, принциптері мен әдістерімен, қаржылық талдау жүргізу әдістемесімен, ұйымдардың ішкі және сыртқы ортасын бағалау тәсілдерімен, сондай-ақ экономикалық субъектілердің негізгі бизнес-процестерімен таныстырады.
Пән кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық жағдайына кешенді талдау жүргізу, капитал құрылымын оңтайландыру, өтімділікті басқару, қаржылық тәуекелдерді бағалау және ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру бойынша негізделген консалтингтік ұсыныстар әзірлеу дағдыларын қалыптастырады.
Пән магистранттардың аналитикалық және стратегиялық ойлауын, қаржылық ақпаратты сыни бағалау, цифрлық ортадағы тұтынушы мінез-құлқын мониторингтеу, қаржылық тәуекелдер мен мүмкіндіктерді анықтау, сондай-ақ басқарушылық шешімдерді дәлелдеу және олардың тиімділігін бағалау дағдыларын дамытады.
1.3. Оқыту нәтижелері: Кәсіпорындар мен ұйымдарға кешенді қаржылық талдау жүргізеді, күшті және әлсіз жақтарын, тәуекелдер мен жақсарту мүмкіндіктерін анықтайды. Капитал құрылымын оңтайландыру, өтімділікті басқару, қаржылық тәуекелдерді азайту және ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру бойынша негізделген ұсыныстарды тұжырымдайды.
2. Пререквизиттер. Қаржы теориясы, Инвестициялық жобаларды қаржылық талдау, Қаржылық зерттеулердің сандық әдістері
3. Постреквизиттер. Магистерлік диссертация.
4. Академиялық кредиттер саны / МООК ұзақтығы: 5 кредит / 150 академиялық сағат / 15 апта. Дәрістер — 15 сағат; тәжірибелік сабақтар — 30; БОӨЖ — 15; БӨЖ — 90. Әр бейнедәрістің ұзақтығы — кемінде 15 минут.
5. Курстың күрделілік деңгейі: Бастапқы деңгейден қолданбалы орта деңгейге өту.