Экономика кәсіпкерлік, құқық және қаржылық сауаттылық модулі (экономика және кәсіпкерлік негіздері, құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, қаржылық сауаттылық негіздері).
Курс туралы
Магауянов Даурен Абильтаевич – PhD докторы, ассистент-профессор.
Нұридин Сандуғаш Нұридинқызы – PhD докторы, ассистент-профессор.
Лузанов Виктор Александрович – магистр, сеньор-лектор
1. МООК-тың сипаттамасы
1.1. Оқу мақсаты:
«Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» мемлекеттік бағдарламасында айқындалған қоғамдық сананы жаңғырту міндеттерін шешу контексінде білім алушылардың әлеуметтік-гуманитарлық дүниетанымын қалыптастыру.
1.2. Оқу міндеттері:
- экономика, кәсіпкерлік, құқық және қаржылық сауаттылықтың негізгі ұғымдары мен қағидаттарымен, нарықтық экономиканың және кәсіпкерлік қызметтің жұмыс істеу ерекшеліктерімен таныстыру;
- қоғамдық және экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу негіздерін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін, құқықтық қорғау тетіктерін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың және «Заң мен тәртіп» идеологиясының негізгі қағидаттарын зерделеу;
- нарықтық экономика жағдайында экономикалық жағдайларды талдау, кәсіпкерлік мүмкіндіктер мен тәуекелдерді бағалау, негізделген экономикалық шешімдер қабылдау дағдыларын қалыптастыру;
- жеке қаржылық ресурстарды тиімді басқаруға, кірістер мен шығыстарды жоспарлауға, бюджетті қалыптастыруға, қаржылық тәуекелдерді бағалауға және жауапты қаржылық шешімдер қабылдауға үйрету;
- құқыққа сай және жауапты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, практикалық жағдайларда құқық нормаларын қолдануға, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға, өздерінің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға үйрету;
- кәсіпкерлік ойлауды, қаржылық жауапкершілікті, құқықтық мәдениетті және заңдылық, адалдық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық пен «Заң мен тәртіп» қағидаттарына тұрақты бейілділікті қалыптастыру.
1.3. Оқыту нәтижелері:
Экономикалық, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімдерін негізделген шешімдер қабылдау үшін қолданады.
2. Пререквизиттер
Жалпы орта білім беру ұйымдарының мектеп бағдарламасы.
3. Постреквизиттер
Экономикалық, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімдерін негізделген шешімдер қабылдау үшін қолдану.
4. Академиялық кредиттер саны 8/2.
5. Курстың күрделілік деңгейі
Бастапқы деңгей (Бастапқы).