О курсе
Каржауова Элеонора Калмурзаевна, магистр, сеньор-лектор,
ЖАОК сипаттамасы: Пән білім алушыларда пайдалы қазбаларды байыту процестері мен әдістері туралы білімді қалыптастыруға бағытталған, бұл рудағы пайдалы компоненттердің мөлшерін арттыруға арналған. Пән аясында ұсату, ұнтақтау және елеу кезеңдері, сондай-ақ флотациялық, гравитациялық және магниттік бөлу әдістері, байыту процестерінің технологиялық сұлбалары және олардың өзара байланысы қарастырылады. Пәнді игеру нәтижесінде білім алушы шикізат қасиеттері мен дайын өнімге қойылатын талаптарды ескере отырып, пайдалы қазбаларды байыту әдістерін анықтайды.
Мақсаты: Білім алушылардың болашақ мамандығы туралы түсінігін қалыптастыру, пайдалы қазбаларды байытудың негізгі қағидалары бойынша бастапқы білім алу. Пәнді меңгеру студенттерге пайдалы қазбаларды байыту әдісін таңдау кезінде олардың физикалық-механикалық және химиялық қасиеттерін бағалай білуге мүмкіндік береді.
Оқу міндеттері:
Пайдалы қазбалардың түйіршіктік және фракциялық құрамын анықтайды және есептейді, байыту кезінде алынатын өнімнің мөлшері мен сапасын болжау үшін осы деректерді пайдаланады. Тау-кен кәсіпорындарында өндіру және өңдеу барысында минералдық шикізатты орташаландыру кезінде байыту өнімдерінің шығымын, балансын және олардың құрамындағы бағалы компоненттердің мөлшерін есептейді. Пайдалы қазбалардың сапалық көрсеткіштерінің нормативтерін есептейді.
Оқу нәтижелері: Шикізат қасиеттерін, процестердің технологиялық сұлбаларын және дайын өнімге қойылатын талаптарды ескере отырып, пайдалы қазбаларды байыту әдістерін анықтайды.
1 Пререквизит: Тау жыныстарының жарылу арқылы бұзылуы
2 Постреквизит: Пайдалы қазба кенорындарын агитативті сілтілеу
3 Қорытынды аттестаттау.
4 Академиялық кредиттер саны - 5/ЖАОК ұзақтығы
5 Курстың қиындық деңгейі: орта