Онлайн-курс

Экономика мен басқарудағы заманауи білім беру технологиялары

Описание

О курсе

Калденова Гулжанат Сыдыковна, э.ғ. к., ассистент - профессор,

1. МООК сипаттамасы

Пән магистранттардың экономика және басқару саласында заманауи білім беру технологияларын қолдану қабілетін қалыптастыруға бағытталған. Мазмұны цифрлық оқыту құралдарын, инновациялық педагогикалық тәсілдерді, жобалық және қашықтықтан оқыту әдістерін, сондай-ақ олардың тиімділігін бағалауды қамтиды. Білім беру технологияларын кәсіби қызметке енгізуге ерекше назар аударылады. Пәнді меңгеру білім беру шешімдерін әзірлеу және енгізу дағдыларын дамытады.

1.1. Оқыту мақсаты

Магистранттардың экономика және басқару саласында заманауи білім беру технологияларын тиімді қолдану, білім беру үдерісіне цифрлық және инновациялық педагогикалық тәсілдерді енгізу, сондай-ақ білім беру шешімдерін әзірлеу және олардың тиімділігін бағалау құзыреттерін қалыптастыру.

1.2. Оқыту міндеттері

Пән магистранттарды экономика және басқару саласында қолданылатын заманауи білім беру технологияларының негізгі ұғымдары мен қағидаларымен, цифрлық оқыту құралдарымен, инновациялық педагогикалық тәсілдермен, жобалық және қашықтықтан оқыту технологияларымен таныстырады.

Пән заманауи білім беру технологияларын кәсіби және оқу үдерісіне бейімдеу, цифрлық құралдарды тиімді пайдалану, жобалық және қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру, білім беру технологияларының тиімділігін бағалау және білім беру шешімдерін әзірлеу дағдыларын қалыптастырады.

Пән магистранттардың педагогикалық және аналитикалық ойлауын, білім беру технологияларын салыстыру және таңдау, олардың тиімділігін талдау, цифрлық және инновациялық тәсілдерді кәсіби қызметке енгізу, сондай-ақ білім беру шешімдерін негіздеу дағдыларын дамытады.

1.3. Оқыту нәтижелері

Оқу шешімдерін әзірлеу және енгізу үшін экономика мен басқаруда заманауи білім беру технологияларын қолданады.

2. Пререквизиттер

Ғылыми зерттеулер әдістемесі.

3. Постреквизиттер

Зерттеу практикасы; тағылымдамадан өту мен магистрлік диссертацияны орындауды қамтитын магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы.

4. Академиялық кредиттер саны / МООК ұзақтығы

5 кредит / 150 академиялық сағат / 15 апта. Дәріс сабақтары – 30 сағат; тәжірибелік сабақтар – 15 сағат; БОӨЖ – 15 сағат; БӨЖ – 90 сағат. Әр дәріске арналған бейнематериал кемінде 15 минуттық оқу мазмұнына бейімделеді.

5. Курстың күрделілік деңгейі

Базалық педагогикалық білімнен кәсіби қолданбалы деңгейге өту.