About the course
Мерейхан Лаззат – магистр, сеньор-лектор,
1. ЖООК мінездемесі
1.1 Оқыту мақсаты: Пән бұлтқа негізделген ақпараттық жүйелерді құру және пайдалану принциптері туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Пәннің мазмұны бұлттық қызмет көрсету үлгілерін, бұлттық платформа архитектурасын, виртуалдандыру және контейнерлеу технологияларын зерттеуді қамтиды. Пәнді меңгеру нәтижесінде студент бұлтқа негізделген қолданбалы архитектураны жобаалйды және виртуалдандырылған ортада ресурстарды тиімді бөлу стратегияларын жүзеге асырады.
1.2 Оқытудың міндеттері
- SaaS және PaaS қызмет көрсету модельдерінің ерекшеліктерін, мүмкіндіктері мен қолдану салаларын үйрету;
- бұлтты платформаларда ақпараттық жүйелерді әзірлеу, орналастыру және басқару дағдыларын қалыптастыру және оларды ақпараттық жүйелердің талаптарына сәйкес тиімді пайдалану қабілетін дамыту;
- бұлтты ортада деректерді сақтау, өңдеу және резервтік көшіру принциптерін меңгерту және ақпараттық жүйелердегі ақпараттық қауіпсіздік, деректерді қорғау және қолжетімділікті қамтамасыз ету тәсілдерін үйрету;
- бұлтты технологияларды қолдану барысында ресурстарды тиімді басқару және шығындарды оңтайландыру дағдыларын қалыптастыру, заманауи бұлтты платформалар мен сервистермен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын үйрету;
1.3 Оқытудың нәтижелері:
Бұлттық платформаларда қосымшаларды олардың өрістетілуі мен бапталуын ескере отырып әзірлеуге қабілетті.
2. Пререквизиттер: Операциялық жүйелер
3. Постреквизиттер: Blockchain Технологиясы
4. Академиялық кредиттер саны / ЖООК ұзақтығы: 5 кредит
5. Курстың күрделілік деңгейі: бастапқы, орташа және жоғары деңгей