Сипаттама

Курс туралы

Жармаганбетова Г.М.-сеньор-лектор,

Саттыкова Б.Е.-ассистент,

1.1 ЖАОК сипаттамасы

1.2 Оқудың мақсаты:

«Ендірілген басқару жүйелері» пәнін оқытудың мақсаты — білім алушылардың ендірілген жүйелердің архитектурасы, микроконтроллерлер, перифериялық құрылғылар, нақты уақыт операциялық жүйелері (RTOS) және заманауи интерфейстер саласындағы теориялық әрі практикалық білімдерді меңгеруі, сондай-ақ мехатрондық және өнеркәсіптік автоматтандыру жүйелерінде қолданылатын ендірілген басқару жүйелерін талдау, жобалау және іске асыру шеберліктері мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

1.3 Оқудың міндеттері:

  • Ендірілген басқару жүйелерінің құрылымын, микроконтроллерлердің архитектурасын және негізгі аппараттық компоненттердің сипаттамаларын анықтау.
  • Микроконтроллерлерді бағдарламалау, үзілістерді өңдеу, таймерлер мен перифериялық құрылғыларды басқару әдістерін қолдану.
  • UART, SPI, I²C сериялық интерфейстерін, ADC/DAC түрлендіргіштерін және датчиктер мен атқарушы механизмдерді пайдалана отырып схемаларды талдау.
  • RTOS негіздерін меңгеру және микроконтроллер базасындағы басқару жүйелерін жобалау, энергия тиімділігі мен сенімділікті қамтамасыз ету.
  • Ендірілген жүйелердегі қателерді анықтау, IoT технологияларын және қазіргі заманғы үрдістерді қолдану.

1.4 Оқу нәтижелері:

Өнеркәсіптік автоматтандыру және мехатрондық жүйелерде қолданылатын ендірілген басқару жүйелерінің жұмыс істеу қағидаттарын талдайды, микроконтроллер негізіндегі басқару алгоритмдерін әзірлейді және олардың сенімділігі мен энергия тиімділігін бағалайды.

1.5 Пререквизиттер. Сымсыз желілер және мобильді жүйелер

1.6 Постреквизиттер. Автоматтандыру жүйелеріндегі контроллерлерді бағдарламалау

1. Академиялық кредиттердің саны/ЖАОК ұзақтығы 5 кредит

2. Курстың күрделілік деңгейі: орта