О курсе
Мәлік О.Ж. – магистр, сеньор-лектор,
Мажитова А.М. магистр, ассистент ,
1 ЖАОК сипаттамасы
1.1 Пәнді оқыту мақсаты:
Білім алушыларда алгоритмдік ойлауды, Python тілінде құрылымдық бағдарламалау негіздерін және автоматтандыру саласындағы деректерді өңдеу мен есептеу процестерін автоматтандыруға арналған қарапайым бағдарламаларды әзірлеу, тестілеу және түзету бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыру.
Пән алгоритмдік ойлау дағдыларын қалыптастыруға және бағдарламалау негіздерін игеруге бағытталған. Пәннің мазмұны деректер түрлерін, шартты операторларды, циклдарды, функцияларды, массивтерді, құрылымдық бағдарламалау негіздерін, Python тілінің негізгі синтаксисін, алгоритмдеу әдістерін және бағдарламалық шешімдерді әзірлеуді қамтиды.
1.2 Пәнді оқыту міндеттері:
- алгоритм ұғымымен, оны сипаттау тәсілдерімен (блок-сызба, псевдокод) және бағдарламалау ортасымен таныстырады;
- Python тілінің деректер типтерін, операторларын, тармақталу және цикл құрылымдарын қолдануды үйретеді;
- жолдар, тізімдер, кортеждер, сөздіктер мен жиындармен жұмыс істеу, функциялар мен модульдерді құру дағдыларын дамытады;
- файлдардағы деректерді өңдеу, ерекшеліктерді өңдеу, іздеу және сұрыптау алгоритмдерін жүзеге асыру дағдыларын қалыптастырады;
- өлшеу деректерін өңдеу, технологиялық параметрлерді бақылау және нәтижелерді визуализациялау сияқты қолданбалы есептерді шешуге бағдарламалау құралдарын қолдануға үйретеді.
1.3 Пәнді оқыту нәтижелері:
Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы қолданбалы есептерді шешу үшін бағдарламалау тілінде алгоритмдер жасайды, негізгі бағдарламалау конструкцияларын қолдана отырып, деректерді өңдеу және есептеу процестерін автоматтандыру үшін қарапайым бағдарламалар әзірлейді.
1.4 Пререквизиттері: Мектеп бағдарламасы (информатика, математика негіздері)
1.5 Постреквизиттері: Өнеркәсіптік өндіріске арналған операциялық жүйелер; Объектіге бағытталған бағдарламалау (Java)
1.6 Академиялық кредит саны/ ЖАОК ұзақтығы: 4 кредит
1.7 Курстың күрделілік деңгейі: орташа