Сипаттама

Курс туралы

Наетова Г.А. – педагогика ғылымдарының магистрі, сеньор-лектор ,

Жумажан Н.М. – магистр, асисстент-оқытушы,

1. ЖАОК сипаттамасы:

1.1 Оқу мақсаты:

«АЖЖ-да тігін бұйымдарын жобалау» пәнін оқытудың мақсаты – киім конструкциясын цифрлық ортада жобалау, үлгілерді автоматтандырылған жүйелер арқылы құру, өңдеу және өндірістік процестерге енгізу бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру.

1.2 Оқу міндеттері:

  • 1) Киімнің конструкциясын автоматтандырылған жобалау жүйелерінде (АЖЖ) жасау негіздерін меңгеру;
  • 2) Үлгілерді цифрлық форматта құру, өңдеу және градациялау дағдыларын қалыптастыру;
  • 3) Өндірістік құжаттаманы автоматты түрде дайындау және материал шығынын оңтайландыру қабілетін дамыту;
  • 4) Киім жобалау процесін цифрлық технологиялар арқылы тиімді басқаруды үйрету.
  • 5) Жобалау сапасын арттыру, еңбек өнімділігін көтеру және кәсіби компетенцияны дамыту.

1.3 Оқу нәтижелері:

АЖЖ көмегімен киімнің цифрлық үлгілерін жасайды. Модельге конструкторлық құжаттар пакетін әзірлейді.

Пререквизиттері: Киім бұйымдарын құрастыру, Киімнің конструктивті моделдеуі

Постреквизиттері: Трендтерді талдау және сән болжау, Өнеркәсіптік мас-маркет киімдерінің негіздері.

4. Академиялық кредиттер саны/ЖАОК ұзақтығы: 5

5. Курстың қиындық деңгейі: орта