Курс туралы
Мәлік О.Ж. – магистр, сеньор-лектор,
Саттыкова У.Е. - магситр, ассистент,
1 ЖАОК сипаттамасы
1.1 Пәнді оқыту мақсаты:
Ақпаратты талдаудың ғылыми тәсілдері мен әдістері туралы түсініктерді қалыптастыру.
Пән ақпаратты талдаудың ғылыми тәсілдері мен әдістері туралы түсініктерді қалыптастыруға бағытталған. Пәннің мазмұнына ғылыми таным негіздері, ақпаратты жинау және өңдеу әдістері, деректерді статистикалық талдау, ақпараттық процестерді модельдеу, салыстыру әдістері, нәтижелерді түсіндіру, формализация және жүйелік талдау негіздері кіреді.
1.2 Пәнді оқыту міндеттері:
- ғылыми таным негіздерімен, ақпаратты жинау және өңдеу әдістерімен таныстырады;
- деректерді статистикалық талдау, ақпараттық процестерді модельдеу және салыстыру әдістерін қолдануды үйретеді;
- нәтижелерді түсіндіру, формализация және жүйелік талдау негіздері бойынша дағдыларды дамытады.
1.3 Пәнді оқыту нәтижелері:
Пәнді оқыту нәтижесінде білім алушы ғылыми зерттеу әдістерін қолдана отырып, деректерді жүйелейді, талдайды және түсіндіреді.
1.4 Пререквизиттері: Бағдарламалаудың заманауи әдістері мен құралдары
1.5 Постреквизиттері: Ғылыми зерттеу негіздері
1.6 Академиялық кредит саны/ ЖАОК ұзақтығы: 5 кредит
1.7 Курстың күрделілік деңгейі: орташа