Описание

О курсе

Байжанова Ж.Б.- т.ғ.к., қауым. профессор,

Сәрсенбек Ш.Б. –магистр, ассистент оқытушы,

1. ЖАОК сипаттамасы:

1.1 Оқу мақсаты: Пән тігін кәсіпорындарын кешенді жобалау қағидаларын - бас жоспарды әзірлеуден бастап өндірістік үдерістерді егжей-тегжейлі ұйымдастыруға дейін зерттеуге бағытталған. Пәннің мазмұны жабдықтарды орналастыруды, өндірістік ағындарды оңтайландыруды және өнім түржинағын ескере отырып, еңбек өнімділігін барынша арттыруды қамтиды. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы тиімді кәсіпорындарды жобалау, бәсекеге қабілетті түржинақты қалыптастыру және икемді өндірістік жоспарларды әзірлеу дағдыларын меңгереді.

1.2 Оқу міндеттері:

Білім алушыларды сырт киім бұйымдарының жіктелуімен, негізгі даму үрдістерімен, заманауи өндіріс технологияларымен және қолданыстағы стандарттармен таныстыру; сырт киім бұйымдарын пішу, тігу және әрлеу технологияларын қолдануды, өндірістік үдерісті ұйымдастыруды, бұйым сапасын бақылауды және оның стандарттарға сәйкестігін бағалауды үйрету; білім алушылардың технологиялық ойлауын, кәсіби шеберлігін, шығармашылық қабілетін, ұқыптылығын және дайын бұйымның сапасына жауапкершілікпен қарауын дамыту.

1.3 Оқу нәтижелері: Пән тігін кәсіпорындарын кешенді жобалауды -жалпы жоспардан бастап егжей-тегжейіне дейінгі үдерісті зерттейді. Ол өндірістік процестерді оңтайландыру, жабдықты орналастыру және өнімділікті арттыру мәселелерін қамтиды. Білім алушылар бәсекеге қабілетті ассортименті, заманауи жабдықтары және икемді өндірістік жоспары бар кәсіпорынды жобалау дағдыларын меңгереді.

1.4 Пререквизиттер: Саланың технологиялық үрдістерін автоматтандыру, Сервистегі технология үрдістері.

1.5 Постреквизиттер: Жеңіл өнеркәсіптегі өнімнің техникалық реттелуі және сапасы, Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын сертификаттау және стандарттау.

1.6 Академиялық кредиттер саны/ЖАОК ұзақтығы: 5

1.7 Курстың қиындық деңгейі: орта