Описание

О курсе

Орынбасар Р.О. – х.ғ.к., қауымдастырылған профессор,

ЖАОК сипаттамасы: Пән білім алушылардың мұнай және мұнай өнімдерінің сапасын бақылауда кеңінен қолданылатын қазіргі заманғы талдау әдістері туралы білімдерін дамытуға бағытталған. Білім алушылар мұнай өнімдерінің физика-химиялық қасиеттеріне талдау жасай алады, мұнай және мұнай өнімдерінің сапасын бақылау үшін қолданылатын талдаудың негізгі әдістерін меңгеруде практикалық дағдыларды игере алады.

Мақсаты: Білім алушылар мұнай және мұнай өнімдерінің сапасын бақылау саласында қажетті теориялық білімді қалыптастырады, мұнай өнімдерінің физика-химиялық қасиеттерін, сапа көрсеткіштерін және оларға қойылатын нормативтік талаптарды меңгереді, сапаны анықтаудың заманауи әдістері мен зертханалық бақылау тәсілдерін игереді, алынған нәтижелерді талдауды және бағалау дағдыларын қалыптастырады.

Оқу міндеттері:

  • Білім алушыларды мұнай және мұнай өнімдерінің түрлерімен, физика-химиялық қасиеттерімен және негізгі сапа көрсеткіштерімен таныстырады.
  • Мұнай және мұнай өнімдерінің сапасына қойылатын нормативтік-техникалық талаптар мен стандарттарды меңгереді.
  • Мұнай өнімдерінен сынама алу, оларды зертханалық талдауға дайындау және сапа көрсеткіштерін анықтау әдістерін үйретеді.
  • Зертханалық жабдықтар мен өлшеу құралдарын дұрыс әрі қауіпсіз пайдалану дағдыларын қалыптастырады.
  • Алынған зерттеу нәтижелерін өңдеу, нормативтік талаптармен салыстыру және мұнай өнімдерінің сапасын бағалау қабілетін дамытады.
  • Білім алушылардың аналитикалық ойлауын, зерттеушілік және кәсіби практикалық дағдыларын дамытады.

Оқу нәтижелері:

Пәнді оқыту нәтижелері – мұнай мен мұнай өнімдерінің сапасын бақылау әдістерін қолданады, олардың физика-химиялық қасиеттерін заманауи талдау әдістерімен зерттейді. Мұнай мен мұнай өнімдерінің сапасын бақылау әдістерін қолданады, олардың физика-химиялық қасиеттерін заманауи зертханалық және аспаптық талдау әдістерімен зерттейді; мұнай өнімдерінен сынама алу және оларды талдауға дайындау жұмыстарын жүргізеді; негізгі сапа көрсеткіштерін анықтап, алынған нәтижелерді өңдейді және нормативтік-техникалық талаптармен салыстырады; зерттеу нәтижелерін талдайды, мұнай мен мұнай өнімдерінің сапасын бағалайды және талдау нәтижелері бойынша қорытынды жасайды; зертханалық жабдықтар мен өлшеу құралдарын қауіпсіз және тиімді пайдаланады.

Пререквизиттері: Жалпы химиялық технология, Органикалық химия, Аналитикалық химия.

Постреквизиттер: қорытынды аттестация.

Академиялық кредиттер саны / ЖАОК ұзақтығы: 5 / 15 мин

Курстың күрделілік деңгейі: орташа