About the course
Орынбасар Р.О. – х.ғ.к., қауымдастырылған профессор,
ЖАОК сипаттамасы: Пән білім алушылардың мұнай және мұнай өнімдерінің сапасын бақылауда кеңінен қолданылатын қазіргі заманғы талдау әдістері туралы білімдерін дамытуға бағытталған. Білім алушылар мұнай өнімдерінің физика-химиялық қасиеттеріне талдау жасай алады, мұнай және мұнай өнімдерінің сапасын бақылау үшін қолданылатын талдаудың негізгі әдістерін меңгеруде практикалық дағдыларды игере алады.
Мақсаты: Білім алушылар мұнай және мұнай өнімдерінің сапасын бақылау саласында қажетті теориялық білімді қалыптастырады, мұнай өнімдерінің физика-химиялық қасиеттерін, сапа көрсеткіштерін және оларға қойылатын нормативтік талаптарды меңгереді, сапаны анықтаудың заманауи әдістері мен зертханалық бақылау тәсілдерін игереді, алынған нәтижелерді талдауды және бағалау дағдыларын қалыптастырады.
Оқу міндеттері:
- Білім алушыларды мұнай және мұнай өнімдерінің түрлерімен, физика-химиялық қасиеттерімен және негізгі сапа көрсеткіштерімен таныстырады.
- Мұнай және мұнай өнімдерінің сапасына қойылатын нормативтік-техникалық талаптар мен стандарттарды меңгереді.
- Мұнай өнімдерінен сынама алу, оларды зертханалық талдауға дайындау және сапа көрсеткіштерін анықтау әдістерін үйретеді.
- Зертханалық жабдықтар мен өлшеу құралдарын дұрыс әрі қауіпсіз пайдалану дағдыларын қалыптастырады.
- Алынған зерттеу нәтижелерін өңдеу, нормативтік талаптармен салыстыру және мұнай өнімдерінің сапасын бағалау қабілетін дамытады.
- Білім алушылардың аналитикалық ойлауын, зерттеушілік және кәсіби практикалық дағдыларын дамытады.
Оқу нәтижелері:
Пәнді оқыту нәтижелері – мұнай мен мұнай өнімдерінің сапасын бақылау әдістерін қолданады, олардың физика-химиялық қасиеттерін заманауи талдау әдістерімен зерттейді. Мұнай мен мұнай өнімдерінің сапасын бақылау әдістерін қолданады, олардың физика-химиялық қасиеттерін заманауи зертханалық және аспаптық талдау әдістерімен зерттейді; мұнай өнімдерінен сынама алу және оларды талдауға дайындау жұмыстарын жүргізеді; негізгі сапа көрсеткіштерін анықтап, алынған нәтижелерді өңдейді және нормативтік-техникалық талаптармен салыстырады; зерттеу нәтижелерін талдайды, мұнай мен мұнай өнімдерінің сапасын бағалайды және талдау нәтижелері бойынша қорытынды жасайды; зертханалық жабдықтар мен өлшеу құралдарын қауіпсіз және тиімді пайдаланады.
Пререквизиттері: Жалпы химиялық технология, Органикалық химия, Аналитикалық химия.
Постреквизиттер: қорытынды аттестация.
Академиялық кредиттер саны / ЖАОК ұзақтығы: 5 / 15 мин
Курстың күрделілік деңгейі: орташа