Описание

О курсе

Серикова Шынар – биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор м.а.,

1.ЖАОК сипаттамасы

1.1 Оқу мақсаты: Пән биологиялық объектілер мен олардың биотехнологияда қолдану принциптері туралы білімді жетілдіруге бағытталған. Мазмұны организмдердің құрылымдық-функционалдық ұйымдасуы, өнеркәсіптік қолдануға арналған объектілерді таңдау, олардың культивация әдістері және модификацияланған биообъектілерді жасау мәселелерін қамтиды. Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушы биотехнологиялық процестерде биологиялық объектілерді тиімді пайдалану мақсатында қолданады.

1.2 Оқу міндеттері:

 Биологиялық объектілермен, олардың құрылымдық-функционалдық ұйымдасуымен және өнеркәсіптік мақсатта пайдалану үшін іріктеу қағидаларымен таныстырады.

 Биологиялық объектілерді қоректік орталарда өсіру әдістері мен түрлендірілген формаларды алу тәсілдерін үйретеді.

 Практикалық міндеттерді шешу үшін биотехнологиялық әдістерді қолдану және үдерістерді сыни тұрғыдан талдау дағдыларын қалыптастырады.

1.3 Оқыту нәтижелері:

Биологиялық объектілерді және оларды биотехнологиялық процестерде қолдануды талдайды.

1. Пререквизиттер. Микробиология, Микроорганизмдер биотехнологиясы, Жасушаның молекулалық биологиясы.

2. Постреквизиттер. Өндірістік биотехнология, Консерві өндірісінің биотехнологиясы, Ет және ет өнеімдерінің биотехнологиясы, Биотехнологиядағы заманауи әдістер, Нанобиотехнология, Ірімшік және сарысуды қайта өңдеу өнімдерінің биотехнологиясы.

3. Академиялық кредиттер көлемі -5/ МООК ұзақтығы-15 апта

4. Курстың күрделілік деңгейі: орташа