Описание

О курсе

Колдашев Турсынғали Еркобаевич- Евразия дизайнерлер одағының мүшесі, сеньор лектор,

Канафина Сауле Аскаровна- Евразиялық дизайнерлер одағының мүшесі, магистр, ассистент,

ЖАОК сипаттамасы:

Пән көрнекі коммуникация және көркем бейнелеу дағдыларын дамытуға бағытталған. Білім алушылар композицияның, түстің және негізгі принциптерді меңгереді типографиялар, иллюстрациялау және графикалық элементтерді құру әдістерін меңгереді.

Пәнді оқыту мақсаты:

«Арнайы сурет» пәнінің мақсаты білім алушылардың графикалық дизайн және бейнелеу өнері саласындағы шығармашылық жұмыстарды орындауы үшін қажетті теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын меңгеруі, әртүрлі көркем материалдармен жұмыс істеу, бейнені стильдеу және оны графикалық дизайн нысанына айналдыру қабілеттерін қалыптастыру болып табылады.

Оқу міндеттері:

1. Білім алушыларды арнайы суреттің негізгі заңдылықтарымен, графикалық және көркем материалдардың ерекшеліктерімен таныстыру.

2. Заттардың пішінін, көлемін, пропорциясын, перспективасын және жарық-көлеңкесін дұрыс бейнелеуге, сондай-ақ әртүрлі материалдармен жұмыс істеуге үйрету.

3. Білім алушылардың бейнелі ойлауын, көркемдік талғамын, шығармашылық қабілетін және суретті стильдеу дағдыларын дамыту.

Оқу нәтижелері:

Идеялар мен эмоцияларды тиімді жеткізетін бірегей графикалық шешімдерді қолмен жасайды, сондай-ақ заманауи графикалық құралдармен жұмыс істейді.

Пререквизиттері: Композиция, Академиялық сурет, Түс тану және колористика, Академиялық кескіндеме

Постреквизиттері: Графикалық дизайндағы инновациялар, Цифрлық графика