Сипаттама

Курс туралы

Ботбаева Жанар Тұрлыбекқызы – биология ғылымдарының кандидаты, Қауымдастырылған профессоры,

1. ЖАОК сипаттамалары

«Қолданбалы микробиология» курсы микроорганизмдердің қолданбалы маңызын, оларды ауыл шаруашылығында, медицинада, фармацевтикада, экологияда және өнеркәсіпте пайдаланудың ғылыми негіздерін қамтиды. Штамдарды іріктеу, өсіру, скрининг, микробиологиялық бақылау және биологиялық қауіпсіздік мәселелері қарастырылады.

1.1 Курстың мақсаты

Микроорганизмдердің қолданбалы мүмкіндіктерін бағалау, қауіпсіз штамдарды негіздеп таңдау және зерттеу нәтижелерін биотехнологиялық міндеттерді шешуде қолдану дағдыларын қалыптастыру.

1.2 Курстың міндеттері

  • Қолданбалы микробиологияның негізгі бағыттарын таныстыру;
  • Штамдарды және оларды өсіру жағдайларын таңдауды негіздеу;
  • Сынама алу, себінді жүргізу, таза культура бөліп алу және скрининг әдістерін меңгерту;
  • Нәтижелерді талдау және микробтық әзірлемені ғылыми негізде қорғау қабілетін дамыту.

1.3 Оқу нәтижелері

Білім алушы микроорганизмдердің қолданылу бағыттарын сипаттайды, штамдарды таңдауды негіздейді, микробиологиялық зерттеу нәтижелерін талдайды, биоқауіпсіздік пен сапаны бақылау талаптарын қолданады.

1.4 Пререквизиттер және постреквизиттер

Пререквизиттер: Биотехнологияға кіріспе, Техникалық микробиология. Постреквизиттер: Вирусология, Биотехнология нысандары, Өндірістік биотехнология.

1.5 Академиялық кредиттер саны / ЖАОК ұзақтығы

15 апта, 5 кредит. Силлабус бойынша: дәріс – 15 сағат, зертханалық сабақ – 30 сағат, БОӨЖ – 15 сағат, БӨЖ – 90 сағат. Қорытынды бақылау – жазбаша.