О курсе
Мусаханова Меруерт Абытханқызы– магистр сеньор-лектор,
Жумажан Назерке Мадиқызы – магистр ассистент,
1. ЖАОК сипаттамасы:
1.1 Adobe After Effects бағдарламасындағы анимация, визуалды эффектілер мен графика құралдарын меңгеруге бағытталған. Қабаттармен, кілттік кадрлармен, маскалармен және эффектілермен жұмыс істеу принциптері оқытылады. Студенттер бейнероликтер, титрлар және моушн-графика жасайды. Визуалды тәсілдерді талдап, композиция мен ырғақты бағалайды. Курс цифрлық анимация мен бейнедизайн салаларындағы шығармашылық дағдыларды дамытады.
1.2 Оқу міндеттері:
- 1) Adobe After Effects бағдарламасымен жұмыс істеудің негіздері және бейнені пост-өңдеу принциптерімен танысу.
- 2) Композициялар, қабаттар (слои), маскалар және мәтіндерді құру және өңдеу.
- 3) Анимация мен видеомонтажға арналған заманауи графикалық бағдарламаларда жұмыс істеудің практикалық дағдыларын меңгеру.
1.3 Оқу нәтижелері:
Кәсіби қызметте алған білімдері мен дағдыларын қолдана отырып, Adobe After Effects бағдарламасында анимациялық графика, қозғалыс эффектілері, бейнероликтер және мультимедиялық жобалар әзірлейді. Нысандардың қозғалысын басқару, Keyframe арқылы анимация жасау және визуалды эффектілерді қолдану дағдыларын меңгереді.
Пререквизиттер: Осы ЖАОК-ты игеру үшін «Информатика», «Компьютерлік графика», «Графикалық дизайн» пәндерін оқу барысында алынған компьютермен жұмыс істеу негіздері, графикалық элементтермен жұмыс жасау, цифрлық бейнелерді өңдеу және графикалық бағдарламаларды қолданудың бастапқы дағдылары қажет.
Постреквизиттер. ЖАОК-ты үйрену кезінде алынған білім, білік және дағдылар «Графикалық дизайн», «Веб-дизайн негіздері», «3D модельдеу және анимация», «Мультимедиалық технологиялар», Графикалық дизайнның негіздері, Сандық графика.
4. Академиялық кредиттер саны/ЖАОК ұзақтығы: 5
5. Курстың қиындық деңгейі: орта