О курсе
Жумабекова Арай Керимакыновна – х.ғ.к., қауымдастырылған профессор,
Сахова Мөлдір Нургалиевна - магистр, ассистент-оқытушы,
1. ЖАОК сипаттамасы:
Оқу мақсаты: Білім алушыларға табиғи және синтетикалық каучуктарды өндірудің негізгі технологиялық үдерістерін, шикізат түрлерін, полимерлеу әдістерін және каучук қасиеттерін зерттеу, сондай-ақ өндірістік технологияларды тиімді әрі экологиялық қауіпсіз қолдану дағдыларын қалыптастыру.
1.1 Оқу міндеттері:
- Табиғи және синтетикалық каучуктардың құрамы мен қасиеттерін меңгеру.
- Каучук өндіруге қолданылатын шикізат түрлерін зерттеу.
- Каучук өндірудің негізгі технологиялық әдістерін қарастыру.
- Полимерлеу және өңдеу үдерістерінің ерекшеліктерін түсіндіру.
- Өндірістегі технологиялық және экологиялық қауіпсіздік талаптарын меңгеру.
1.2 Оқу нәтижелері:
Табиғи және синтетикалық каучуктарды алу және синтездеу әдістерін қолданады, технологиялық процестерді және олардың даму перспективаларын талдайды.
2. Пререквизиттер. Органикалық химия
3. Постреквизиттер. Қорытынды аттестаттау
4. Академиялық кредиттер саны/ЖАОК ұзақтығы: 5
5. Курстың қиындық деңгейі: орта