О курсе
Сексенбаева Рысты Базаралиевна, т.ғ.к., профессор,
Мухамбеталина Дана Жандулаевна, т.ғ.к., ассистент-профессор,
1. ЖАОК сипаттамасы
1.1 Пәнді оқытудың мақсаты: Білім алушылардың инженерлік практикада автоматтандырылған жобалау жүйелерін табысты қолдануына қажетті білімдері мен дағдыларын қалыптастыру. Бұл заманауи бағдарламалық өнімдермен жұмыс істеуді, жобаларды жасауды және талдауды, сондай-ақ жобалау үдерістерін оңтайландыру мен дайын өнімнің сапасын жақсарту үшін автоматтандырылған құралдарды тиімді пайдалануды қамтиды. Білім алушы инженерлік практикада әртүрлі жобаларды жасауға және талдауға мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз етудің жұмыс істеу қағидаттарын меңгере алады.
1.2 Оқытудың міндеттері:
1. автоматтандырылған жобалау жүйелерін құру қағидаттарын, жіктелуін және функцияларын зерделеу;
2. нысандардың екіөлшемді (2D) және үшөлшемді (3D) модельдерін жасау әдістерін меңгеру;
3. стандарттар талаптарына сәйкес жобалық құжаттаманы әзірлеу және рәсімдеу;
4. типтік және параметрлік модельдерді қолдану;
5. жобалық шешімдерді талдау және оңтайландыру дағдыларын дамыту;
6. АЖЖ-нің әртүрлі салаларда қолданылу мысалдарын зерделеу.
1.3 Оқыту нәтижелері: Жобаларды жасау және талдау үшін заманауи бағдарламалық өнімдермен жұмыс істей алады, сондай-ақ жобалау үдерістерін оңтайландыру мен дайын өнімнің сапасын жақсарту үшін автоматтандырылған құралдарды тиімді пайдалана алады.
2. Пререквизиттер: Машина жасау технологиясы, Технологиялық үдерістерді автоматтандыру.
3. Постреквизиттер: Технологиялық машиналарды жөндеу, Технологиялық машиналарды монтаждау және пайдалану.
4. Академиялық кредиттер саны / ЖАОК ұзақтығы – 5 кредит
5. Курстың күрделілік деңгейі: орташа, күрделі