Курс туралы
Орынбасар Р.О. – х.ғ.к., қауымдастырылған профессор,
ЖАОК сипаттамасы: Пән білім алушылардың мұнай-газды қабаттарда жүретін физикалық процестер туралы заманауи түсініктерін; қабат флюидтерінің негізгі физикалық миграция процестерін; қабат ортасының физикалық жағдайын, сондай-ақ тау жыныстары-коллекторлардың минералдық құрамын бағалаудың геофизикалық әдістерін меңгеруіне бағытталған.
Білім алушылар мұнайлы және газды қабаттардың физикалық қасиеттерін талдайды, геофизикалық зерттеулердің деректерін, қабатта жүретін физикалық процестерді және олардың көмірсутектерді өндіруге әсерін интерпретациялайды.
Мақсаты: Білім алушыларды мұнай мен газды өңдеу процестерін математикалық модельдеу кезінде модельдерді әзірлеу және оларды қолдану бойынша теориялық және практикалық даярлау.
Оқу міндеттері:
- мұнай мен газды өңдеу процестерін талдау, оңтайландыру және ресурстық тиімділігін бағалау кезінде математикалық модельдеуді қолдану;
- процестерді модельдейтін жүйелер мен заманауи қолданбалы бағдарламаларды пайдалана отырып, мұнай мен газды өңдеу процестеріне математикалық модельдер негізінде есептеулер жүргізу қабілетін қалыптастыру;
- ғылыми зерттеулер жүргізу барысында процестердің физика-химиялық мәні және математикалық модельдеу әдіснамасы туралы білімді қолдану;
- заманауи компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, теориялық және эксперименттік зерттеулерді өз бетінше жүргізу дағдыларын қалыптастыру.
Оқу нәтижелері:
Бұрғыланған ұңғымалардағы геологиялық құрылымдарды және мұнайлы әрі сулы қабаттарды анықтау әдістерін; мұнай кен орындарын игеруді бақылау әдістерін; пайдалану, өндіру және айдау ұңғымаларының техникалық жағдайын бақылаудың геофизикалық әдістерін; кен орындарын игеру барысында коллекторлар мен қабат сұйықтарының физикалық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары туралы қазіргі ғылыми түсініктерді; экспериментті жоспарлау қағидаларын, зертханалық өлшеулерді жүргізу принциптерін, сандық деректерді өңдеуге арналған қолданбалы бағдарламалардың жұмыс істеу принциптерін зерттейді.
Стандартты жабдықтарды, аспаптар мен материалдарды пайдалана отырып, ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелерін; электрлік және радиоактивті әдістердің диаграммалары бойынша қабат-коллекторларды анықтауды; қабаттардың шекараларын белгілейді және олардың қалыңдығын анықтайды; электрлік кедергі мәндері бойынша қабаттың қанығу сипатын анықтайды; кен орнын игеру барысында мұнай қабатының сулану интервалдарын анықтайды; ғылыми басылымдардан қажетті ақпаратты іздейді; коллекторлар мен қабат сұйықтарының физикалық қасиеттері туралы деректерді талдайды және жинақтауды өңдейді.
Ғылыми-техникалық ақпаратты іздеу, талдау және жинақтау әдістері мен құралдарын; зертханалық зерттеулерді жоспарлау, өлшеу нәтижелерін өңдеу және алынған нәтижелерді талдау әдістері мен құралдарын меңгереді.
Пререквизиттері: мектеп физикасы курсы
Постреквизиттер: Электр және жылу техникасы.
Академиялық кредиттер саны / ЖАОК ұзақтығы: 5 / 15 мин
Курстың күрделілік деңгейі: орташа