Description

About the course

Кабиева Асем Темиргалиевна – PhD, ассистент-профессор,

1. ЖАОК-тың сипаттамасы: «Қаржылық есеп 1» пәні – кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметі туралы ақпаратты жинау, тіркеу, жүйелеу және қаржылық есептілікте көрсету қағидаларын үйрететін базалық кәсіби пән. Пән бухгалтерлік есептің теориялық негіздерін, қаржылық есептің әдіснамасы мен қағидаттарын меңгеруге бағытталған. Бұл курс студенттерге бухгалтерлік есептің негізгі элементтерін (активтер, міндеттемелер, меншікті капитал, кірістер мен шығыстар), бухгалтерлік баланс пен қаржылық есептіліктің басқа да нысандарын құрастыру тәртібін, шаруашылық операцияларды шоттарда көрсету әдістерін игеруге мүмкіндік береді. Пән қаржылық ақпараттың дұрыстығы мен сенімділігін қамтамасыз ету, қаржылық жағдай мен қызмет нәтижелерін талдау үшін қажетті кәсіби дағдыларды қалыптастырады және кейінгі кәсіби пәндерді меңгерудің теориялық негізін қалайды.

1.1 Пәннің мақсаты: Пәннің мақсаты ұйымдарда ҚЕХС сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізуді және қаржылық есептілікті ұсынудың кәсіби білімін және дағдыларын қалыптастырады. Пәннің мазмұны студенттерге ҚЕХС сәйкес бухгалтерлік есеп ақпараттарын өңдеу, қаржылық есептілікте қаржылық ақпараттардың мәнін ашып көрсетуге қажетті кәсіби білім мен дағдыларды меңгереді.

1.2 Пәннің міндеттері:

  • нарықтық экономика жағдайында басқару жүйесіндегі бухгалтерлік есептің рөлі мен орнын түсіну ресурстардың барлық түрлерін пайдаланудың сақталуы мен орындылығын қамтамасыз етудегі оның міндеттері;
  • бухгалтерлік есептің бақылау-ақпараттық мүмкіндіктерін зерттеу;
  • бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың озық тәжірибесін білу;
  • экономикалық байланыстар кезінде пайда болатын құралдар айналымының моделін тез және дәл көбейте білу.

1.3 Оқыту нәтижелері. ҚЕХС сәйкес қаржылық есепті ұйымдастырады және жүргізеді және қаржылық есептілікті жасайды. Алынған нәтижелерді ұйымдардың қаржылық жағдайы туралы пікір қалыптастыру, оны жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу, басқарушылық шешімдер қабылдау үшін қолдана алады. Есепке алу-экономикалық құжаттаманы, есепке алу стандарттарына сәйкес қаржылық есептілікті қалыптастыру мен ұсынуды, шаруашылық жүргізуші субъектінің есепке алу-экономикалық қызметіне байланысты мәселелерді шешуді талдайды және бақылайды.

2. Пререквизитері. Бухгалтерлік есеп негіздері

3. Постреквизиттері. Аудит1, Аудит 2

4. Академиялық кредит саны/ЖАОК-тың ұзақтығы: 5 кр./1 семестр

5. Курстың меңгеру деңгейі: Бұл курс студенттерге қаржылық есептің негізгі теориялық және практикалық негіздерін меңгеруге арналған. Пән шаруашылық операцияларды бухгалтерлік есепте тану, өлшеу және тіркеу әдістерін, қаржылық есептіліктің негізгі нысандарын қалыптастыру тәртібін үйретеді. Курсты меңгеру барысында студенттер қаржылық ақпаратты жүйелеу, оны пайдаланушылар үшін түсінікті және сенімді түрде ұсыну, сондай-ақ кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен қызмет нәтижелерін бағалауға қажетті кәсіби дағдыларды қалыптастырады.

Contents

Course programme

Section materials and tests open once you are enrolled.

  1. Модуль 1 6 items
    • File 1 дәріс
    • URL 1-Видео дәріс
    • File 2 дәріс
    • URL 2-Видео дәріс
    • File 3 дәріс
    • URL 3-Видео дәріс
  2. Модуль 2 6 items
    • File 4 дәріс
    • URL 4-Видео дәріс
    • File 5 дәріс
    • URL 5-Видео дәріс
    • File 6 дәріс
    • URL 6-Видео дәріс
  3. Модуль 3 6 items
    • File 7 дәріс
    • URL 7-Видео дәріс
    • File 8 дәріс
    • URL 8-Видео дәріс
    • File 9 дәріс
    • URL 9-Видео дәріс
  4. Модуль 4 6 items
    • File 10 дәріс
    • URL 10-Видео дәріс
    • File 11 дәріс
    • URL 11-Видео дәріс
    • File 12 дәріс
    • URL 12-Видео дәріс
  5. Модуль 4 6 items
    • File 13 дәріс
    • URL 13-Видео дәріс
    • File 14 дәріс
    • URL 14-Видео дәріс
    • File 15 дәріс
    • URL 15-Видео дәріс
  6. ЖАОК бойынша қорытынды бақылау 1 item
    • Quiz Тест