Описание

О курсе

Жаппасова Раушан Еркиновна – э.ғ.к., асисстент профессор,

1. ЖАОК-тың сипаттамасы:

1.1 Пәннің мақсаты: Студенттерде қаржы экономикасының ғылыми пән ретіндегі мәні туралы, қаржы нарықтарының, қаржы институттары мен құралдарының жұмыс істеуі туралы, сондай-ақ макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі мемлекеттік қаржы мен ақша-кредит саясатының рөлі туралы жүйелі түсінік қалыптастыру.

1.2 Пәннің міндеттері:

 қаржы экономикасының тұжырымдамалық аппаратын игеру (ақша, қаржы, қаржы жүйесі, қаржы нарықтары, қаржы құралдары);

 қаржылық есептеулерде ақшаның уақытша құны тұжырымдамасын қолдану дағдыларын қалыптастыру;

 қаржы нарықтарының (ақша, кредит, валюта, бағалы қағаздар нарығы)құрылымы мен жұмыс істеу тетіктерін зерделеу;

 қаржылық активтерді бағалаудың және қаржылық тәуекелдерді басқарудың негізгі тәсілдерін игеру;

 мемлекеттік қаржыны, фискалдық және ақша-кредит саясатын құру және жұмыс істеу негіздерін зерделеу;

 студенттердің қаржылық процестерді экономикалық талдау және тұжырымдарды дәлелді түрде ұсыну дағдыларын қалыптастыру.

1.3 Оқыту нәтижелері. Тәуекелдерді бағалау және шешім қабылдау үшін экономикалық модельдерді қолдану арқылы қаржы нарықтары мен қаржы активтерінің динамикасын талдайды.

2. Пререквизитері. жоқ

3. Постреквизиттері. Қаржы, Қаржылық математика, ҚР мемлекеттік сатып алулар

4. Академиялық кредит саны/ЖАОК-тың ұзақтығы: 4 кредит, соның ішінде 15 сағат лекция, 30 сағат тәжірибелік сабақ, 15 сағат БОӨЖ және 60 сағат БӨЖ.

5. Курстың меңгеру деңгейі: орташа және жетілдірілген деңгей